Мессидің трансферлік құны төмендеді

26.03.2024, 21:58

“Интер Майами” мен Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Мессидің трансферлік құны арзандады, деп жазады Аладоп.кз. 

Мессидің трансферлік құны төмендеді

Трансфермаркет порталы МЛС лигасында өнер көрсететін футболшылардың трансферлік құнын жариялады. Жаңартылған тізімде әлем футболының жұлдызы Лео Месси 35 млн еуродан 30 млн еуроға төмендеген. Бірақ соған қарамастан, 37 жастағы шабуылшы АҚШ ішкі біріншілігіндегі ең қымбат ойыншыларының көшінде тұр. 

Соңғы рет аргентиналықтың трансферлік  құны 2006 жылы арзандаған. “Барселонаның” сол кезеңдерінде доп тепкен 18 жастағы Месси 15 млн еуроға бағаланған болатын. 

Лионель “Интер Майами” сапында барлығы 19 ойын өткізіп, 16 гол мен 7 голдық пас берді. 

Мессидің келісімен Майами қаласының клубы Лига Кубогынде топ жарды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×