"Бавария" финалға шықса "Боруссиямен" жолыға ма?

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
02.05.2024, 08:09

"Аладоп.кз" тілшісі Мұхаммедқали Көбеев жазған дер-класикер финалының иісі шығып қалған сияқты ма, қалай?!

"Бавария" финалға шықса "Боруссиямен" жолыға ма?
"Уэмблидегі" "Бавария" - "Боруссия" кездесуі

Ол үшін "Бавария" Мюнхендегі 2:2-ден кейін жауапты ойында осы маусымдағы ең озық ойынын көрсетуі тиіс. Әйтпесе... Жарайды, бұл сұрақтың жауабын бір аптадан кейін білерміз. Ал кеше "Боруссия" биылғы ЧЛ-дағы тағы бір сенсациясын жасап кетті. Эдин Терзичтің шәкірттері мақтаулы "ПСЖ-ны" өз алаңында ұтты. Дортмундтық клуб үшін маңызды голды салған Никлас Фюллькруг болатын (36). Енді арада апта салып қос ұжым Парижде кездеспек. Егер "Боруссия" Мбаппе бастаған қарсыластың арынын баса алса, осыдан 11 жыл бұрынғы неміс финалын қайталауға бір табан жақындай түседі. Ендігі жауап - "Баварияда".

Естеріңізде болса, 2013 жылы әйгілі  "Уэмбли" ЧЛ финалындағы "Бавария" - "Боруссия" бәсекесін қабылдаған еді. Бұл туралы толығырақ біздің тілшіміз Мұхаммедқали Көбеевтің материалынан https://aladop.kz/post/der-klasiker-finalyn-kore-alamyz-ba-47780/ оқуға болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×