Булыкин: Погбаның тағдыры мен мансабы күйреді

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
29.02.2024, 18:29

Ресей құрамасының ардагері Дмитрий Булыкин Поль Погбаның басынан өтіп жатқан жағдайларға пікірін білдірді. 

Булыкин: Погбаның тағдыры мен мансабы күйреді

Дмитрий Булыкиннің айтуынша, франциялық жартылай қорғаушыға қатысты өте қатал жаза қолданылған. "Футболшылардың допингпен ұсталатыны өкінішті. Мұндайда кінәлілер көп  - футболшының өзі, сосын әрине дәрігерінің де қатысы бар. Поль Погба- Әлем чемпионы. Сонда да жеңілдік жасалған жоқ. Төрт жыл деген өте үлкен мерзім. Бір адамның бүкіл мансабы мен тағдырына балта шабылды,- деді Дмитрий Булыкин. 

Айта кетейік, қазан айында Поль Погба допинг сынамасында ұсталған еді." Ювентус" футболшысының қанынан көп мөлшерде тестестерон табылған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×