Дэвис “Реал” ойыншысы атануы мүмкін

26.02.2024, 20:51

Альфонсо Дэвис “Реал Мадрид” командасына ауысуға өз келісімін беріпті, деп жазады Аладоп.кз. 

Дэвис “Реал” ойыншысы атануы мүмкін

Мадридтік клуб пен канадалық футболшы әзірге тек ауызша келісіммен шектелген екен.

“Реал Мадридтің” негізгі скауты Хуни Калафат пен клубтың атқарушы директоры Хосе Анхель Санчес Альфонсоға “Бавариядағы” келісімшартын ұзартпағаны абзал деп өзінің ойын білдірген екен. Қорғаушының мюнхендік клубтағы келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды.

“Барселона” мен Англияның бірқатар ұжымдарының қызығып отырғпнына қарамастан, Дэвистің таңдауы айналып келгенде “Реалға” түсетін болды. Қаптал қорғаушысы мадридтік клубтың жейдесін киіп өнер көрсетуге асық.

Бундеслиганың осы маусымында Альфонсо 18 ойын өткізіп, 1 гол мен 3 голдық пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×