Қазақстан құрамасының наурыз айында өтетін матчтарға шақыртылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі белгілі болды

26.02.2024, 19:45

Магомед Адиев баптайтын құрама наурыз айында 2 маңызды ойын өткізеді. Оның бірі Грекияға қарсы болса, екіншісі “Грузия” - “Люксембург” арасындағы жеңімпазбен болатын ойын.

Қазақстан құрамасының наурыз айында өтетін матчтарға шақыртылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі белгілі болды

Қазақстан құрамасының наурыз айында өтетін матчтарға шақыртылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі белгілі болды

Қақпашылар:

Игорь Шацкий, Бекхан Шайзада, Данил Устименко, Александр Заруцкий

Қорғаушылар:

Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Бағдат Қайыров, Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров, Еркін Тапалов, Тимур Досмағамбетов, Роман Асранқұлов, Руслан Валиуллин, Әділхан Таңжарықов

Жартылай қорғаушылар: 

Абзал Бейсебеков, Асхат Тағыберген, Рамазан Оразов, Исламбек Қуат, Бақтиер Зайнутдинов, Максим Самородов, Әділет Садыбеков, Ислам Чесноков, Арман Кеңесов, Самат Жарынбетов

Шабуылшылар:

Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко, Рамазан Кәрімов, Иван Свиридов, Эльхан Астанов

Жалпы тізімге 33 футболшы енді.

Құрама жігіттерінің оқу-жаттығу жиыны 8 наурызда Дубайда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болмақ. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×