Еуропа лигасы: "Ливерпуль" аут, "Байер" тағы бір титулға жақын.

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
19.04.2024, 08:21

Еуропа лигасындағы қызық енді басталды 

Еуропа лигасы: "Ливерпуль" аут, "Байер" тағы бір титулға жақын.

Кеше қарт құрлықтың дәрежесі жөнінен клубтық деңгейдегі екінші турнирі - Еуропа лигасының жартылай финалистері анықталды. "Ливерпуль" бірінші матчтағы 0:3 тен кейін еңсесін тіктей алмаған секілді. Юрген Клопп командасы жауапты кездесуде сырт алаңда "Аталантаны" жеңді (0:1). Алайда қос ойын қортындысында (3:1) келесі кезеңге бергамаскіліктер шыққан болатын. "Ливерпульдің" Еурокубокте 0:3 тен камбэк жасаған кезі естеріңізде шығар. Бірақ, бұл жолы емес. Еуропа лигасының осы кезеңіне Италия өкілдері көп жетті. Ширек финалдық жұптың бірін "Милан" мен "Рома" құраған. Тартысты теке-тіресте екі матчтан кейін жартылай финалға Римдік клуб өтті (3:1).

Биылғы маусымның бомбасы болған "Байер" мен Хаби Алонсо да жарыс жолын жалғастырмақ. Кеше "дәріханашылар" сырт алаңда "Вест Хэм Юнайтедпен" 1:1 ойнап, бас жүлдеге негізгі фаворит статусын дәлелдей түсті. Бірінші кездесуде Германияда 2:0 есебі тіркелген. Ширек финалдағы ең тартысты ойын "Бенфика" - "Марсель" арасында болды. Жеңімпазды анықтауға 120 минут жетпей, командалар ойын соңында пенальти тепкен. Португалияда "Бенфика" 2:1 есебімен ұтып, жауапты бәсеке франциялық команданың жеңісімен аяқталған еді (1:0). Пенальтиден "Марсельдің" жолы болды.

Сонымен, Еуропа лигасының жартылай финалистері мынадай: 

 "Рома" - "Байер"                                           "Марсель" - "Аталанта". 

Жартылай финалдың бірінші кездесулері 2-мамырда, жауапты ойын 9-мамырға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×