Биыл "Қайсардың" өзінен көрі жастар командасы тәуір

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
19.04.2024, 09:51

Қатарынан төрт кездесуде жеңіліс тапқан Қызылордалық клубқа қарағанда "Қайсар-Жастың" жағдайы жақсы көрінеді.

Биыл "Қайсардың" өзінен көрі жастар командасы тәуір

Кеше сыр өңірінің жастар командасы Бірінші лиганың үшінші турында "Екібастұзды" қабылдап, ұпай бөлісті (0:0).

Естеріңізге салайық, Бірінші лиганың үш турынан кейін "Қайсар-Жас" 4 ұпаймен бесінші орында келеді. Турнирлік кестеде бірінші сатыда - Ақтаудың "Каспий" командасы. Маңғыстау облысының намысын қорғайтын клубта 6 ұпай бар. Ал ҚПЛ-де ойнайтын "Қайсар" үш ойынның барлығын жеңіліспен аяқтап, турнирлік кестеде 13-келеді. Айта кетейік, қызылордалық команда биылғы біріншілікте бірде-бір ұпай ала алмаған жалғыз команда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×