"Қайрат" - "Ақтөбе" кездесуіне билет қалмаған

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
19.04.2024, 12:36

ҚПЛ 5-турындағы матчта аншлаг күтілуде. Алматының орталық алаңында өтетін матчқа қазірдің өзінде билет қалмаған сыңайлы.

"Қайрат" - "Ақтөбе" кездесуіне билет қалмаған

Бұл туралы "Қайраттың" баспасөз-қызметі жариялаған болатын. 

"Барлық көрерменнен кіру кезіндегі тексеріс пен кезекті ескеріп, алаңға ерте келулерін сұраймыз", - делінген Алматылық клуб баспасөз-қызметінің хабарламасында. Айта кетейік, ҚПЛ-дің төрт турынан кейін "Қайрат" пен "Ақтөбе" алғашқы төрттіктің қатарында. Алматылық команда 8 ұпаймен бірінші орында, ал "Ақтөбе" төртінші сатыда келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×