"Интер" - Италияның 20 дүркін чемпионы

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
23.04.2024, 07:56

Бүгін түнде А сериясының 33-турында "Интер" командасы "Миланды" ұтып, мерзімінен бұрын чемпион атанды.

"Интер" - Италияның 20 дүркін чемпионы

"Сан-Сирода" болған дербиде "нерадзури" Франческо Ачерби (18-минут) мен Маркус Тюрамның (49-минут) нәтижелі соққыларының арқасында жеңіске жетті. Ал "Милан" сапында жалғыз голды Фикайо Томори соққан болатын (80-минут). Сонымен, "Интер" А Сериясының 5 туры қалғанда 86 ұпай жиып, екінші орындағы "Миланнан" 17 ұпайға озды. Бұдан бөлек, "нерадзури" "Миланды" чемпиондық титулдар саны жағынан да басып озды. Айта кетейік, "Милан" Италия біріншілігін 19 рет ұтқан. Ал бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында - "Ювентус". Туриндік клуб А Сериясының 36 дүркін чемпионы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×