Италияда жылдың үздік бапкері анықталды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
10.03.2024, 22:34

Италияда бұл жүлде 2011 жылдан бері беріліп келеді. Биыл А сериясындағы үздік бапкерге берілетін сыйақы "Интердің" тізгінін ұстайтын Симоне Индзагиге бұйырып отыр. 

 

Италияда жылдың үздік бапкері анықталды

"Осындай мәртебелі жүлдені алғаныма қуаныштымын. Талай жыл менің қасымнан табылып, қолдау көрсеткен азаматтарсыз дәл осындай мәртебелі атақты ала алмайтын едім. Сондықтан, абыройлы жүлдені барша қолдаушыларым мен отбасыма арнаймын"- деп ағынан жарылған еді "Интердің" бас бапкері.

Айта кетейік, "Интер" өткен маусымда ЧЛ финалына дейін жетіп, онда "Манчестер Ситиге" ұтылған болатын. Миландық клуб биыл А сериясында жеке дара көш бастап келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×