Қақпашыларға уақыт созғаны үшін жаза қарастырылуы мүмкін

17.04.2024, 17:58

Футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесі қақпашыларға уақыт созғаны үшін жаза қарастыруды мақсат етіп отыр екен. 

Қақпашыларға уақыт созғаны үшін жаза қарастырылуы мүмкін

Дәл қазіргі сәтте қақпашы өз айып алаңында допты 6 секундтан артық ұстамауы тиіс. Алайда төрешілер ол ережелерге назар аударып жатқан жоқ. 

Халықаралық кеңес осы бір ережеге өзгеріс енгізбекші. Аталған тәртіптік нормаға сәйкес, қақпашыға өз айып алаңында допты 8 секунд ұстауына мүмкіндік береді. Егерде қақпа қорғаны 8 секундта доптан құтылмаса, қарсыоас команда бұрыштама немесе қақпаға жақын тұстан аут лақтырады. 

Осы бір ереже 2024/25 жылғы маусымның соңына дейін сыналып көрілмек.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×