ҚПЛ тарихындағы алғашқы итальян ойыншысы жайында біз не білеміз?

04.05.2024, 18:55

Аладоп.кз тілшісі Мұхаммедқали Көбеев, осы маусымда “Тобыл” сапында өнер көрсетіп жүрген Годберг Купер жайлы мақала жазды.

ҚПЛ тарихындағы алғашқы итальян ойыншысы жайында біз не білеміз?

26 жастағы ойыншымен танысу мақсатында оның қай жерде туғандығы жайында аз-кем ақпарат беріп өтсем. Годберг Барри Купер 1997 жылдың 20 тамызында Италияның Бергамо провинциясының Ломбардия деген қаласында дүние есігін ашқан. Халқы 10 млн адамды құрайтын аумақтың аяқдоп спорты дамуы қарқыны жағынан жақсы болғандықтан, Купер футболды жанына серік қылады. Сөйтіп ол алғашында Бергамодағы “Аталантаның” академиясына түседі. Үздік шәкірттерімен мақтана алатын академия Годбергті бірден қабылдап, оның үлкен футболға деген жолын ашады.
 

“Аталанта" академиясының жаттығу алаңы. Годберг футболдағы алғашқы қадамын осы жерде жасаған


2014 жылы шабуылшы “Аврора Сериате Кальчо” командасымен кәсіби келісімшартқа отырады. Алайда, Барри өзі туып өскен қаланың ұжымында ұзақ аялдай алмады. Небәрі 15 ойын өткізген итальян ойыншысы 2 гол соғып, “Сканцорошате” клубына ауысады. Мұнда Годберг 22 матч өткізіп, 4 голдың авторы атанады. Одан кейін “Верделло” командасында тәжірибе жинап, 26 жастағы аяқдопшы португалияның “Кондейша” ұжымының сапын толықтырады. Барри Купер үшін бұл алғаш рет туған елден жырақтау жерде өнер көрсетудегі сынақтардың бірі болды. Жалпы Португалияда бойшаң шабуылшы бас-аяғы 4 команда ауыстырды. Бірақта біреуінде де Годберг нәтижелі ойынымен көзге түсе алмады. Оның үстіне Барриге бапкерлер тарапы көп сәттерде мүмкіндік бермеді. Бақытын Португалияда таппаған итальян аяқдопшысы өз тарапына түскен алғашқы ұсынысқа “иә” деп жауап беріп, жолдорбасымен сол елдің клубына аттанды. Сол бір команданың бірі швейцариялық “Шаффхаузен” болды. 2019 жылы Годберг аталған команда жейдесінде 7 рет алаңға шығып, 2 рет ерекшеленді. Дамуды көздеген Барри Купер 2020 жылдың 31 қаңтарында албаниялық “Кукеси” клубымен толыққанды келісімге келеді. Алайда дебюттық матчын Годберг бір ай өткеннен кейін бірақ өткізеді. 4 наурыз күні футболшы “Влазнияға” қарсы матчта төбе көрсетеді. Аталған кездесу Барри Купердің Албания Суперлигасындағы алғашқы ойыны болып тіркеледі. Содан бері 26 жастағы ойыншы “Кукесиде” барлығы 25 ойын өткізіп, 7 гол соғады. Албания мен Португалия чемпионаттарын көрген шабуылшы өз еліндегі “УСД Лавелло” ұжымында өнер көрсетуге келісімін береді. Көшпенді Годберг ойнаймын деген командасында 1 ойын өткізгеннен кейін солтүстік македониялық “Джорче Петров” клубына ауыса салады. 2022 жылы аталған клубқа қосылған ойыншы 10 матчтан көп өткізбеді. Айта кетейік, Купер “Джерче” ұжымымен бірге елдің Кубогыне қол жеткізді. Албания чемпионатында алған күміс жүлдеден кейінгі Солтүстік Македония Кубогы итальян футболшы үшін өзінше бір елеулі марапат болды. Дәл сол 2022 жылдың жазында 26 жастағы ойыншы румыниялық “Кындия Тырговиште” намысын қорғаймын деп шешім қабылдайды. “Кішкентай Аякс” лақап атымен танымал болған клубтың қатарында Годберг өз мансабындағы ең көп ойынын өткізеді. Жалпы статистикалық көрсеткіш бойынша шабуылшы “Тырговиште” командасында 27 кездесуде алаңға шығып, 5 гол соғады. Одан кейін, Купер соңғы рет 1970 жылы Румыния чемпионы болған УТА клубына ауысып, мұнда 21 ойын өткізеді. Барлығыңыз біліп отырғандай, Годберг Румыниядағы тәжірибесінен кейін Қазақстанға жол тартады. “Тобыл” клубымен келісімге келген шабуылшының дебюттық кездесуі бірден Суперкубок финалына тұспа-тұс түсті. “Ордабасыға” қарсы аталған ойынға Барри Купер екінші таймда алаңға шығып, қостанайлық команданың пенальтилер сериясы бойынша жеңіске жетуіне өз үлесін қосты.

 

Гарри Годберг Купердің Қазақстан Суперкубогымен түскен фотосы
Гарри Годберг Купердің Қазақстан Суперкубогымен түскен фотосы

Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы Годберг Милич Чурчич баптауымен “Тобылда” 6 ойын өткізіп үлгерді. Сол матчтардың өткізілу деңгейі мен сапасына жоғары баға берген Купер алдағы уақытта өзі секілді легионерлердің Қазақстанға жиілеп келетініне сенімді. Ал біз өз кезегімізде чемпионатымызға қызығушылық білдіріп келген осындай ойыншыларды көріп, ҚПЛ ауқымы кеңейгеніне көзіміз жетіп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол Тобыл
Серіктес жаңалықтары
×