"Тобыл" неге Ресей құрамасының футболшысынан бас тартты?

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
04.05.2024, 14:37

Қостанайдың "Тобылы" Ресей құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Денис Глушаковты өз қатарынан көргісі келмеді

"Тобыл" неге Ресей құрамасының футболшысынан бас тартты?
Денис Глушаков Ресей құрамасының қатарында

Бұл туралы "Тобылдың" бұрынғы бас директоры Андрей Канчельскис мәлімдеген болатын. 

"Маған Денис Глушаковты  "Тобылға" алуды ұсынған. Мен бұған, барлық сұрақ бойынша команданың бас бапкеріне жүгіну керек деп жауап қаттым. Сөйтіп, Глушаков туралы Милич Чурчичке айтып едім, ол бұл трансферден бас тартты",- деді А. Канчельскис. 

Айта кетейік, Денис Глушаков осы маусымда Арменияның "Урарту" командасының қатарында 12 ойынға қатысып, бір нәтижелі пас берген. Футболшының келісімшарты осы жылдың 30-маусымында бітеді. Жартылай қорғаушы сондай-ақ, "Локомотив",  "Спартак","Химки","Ахмат" клубтарының қатарында өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×