Кроос құрамаға қайта оралатын болды

22.02.2024, 21:10

Жартылай қорғаушы Тони Кроос 2,5 жылдық үзілістен кейін Германия ұлттық құрамасына қайта оралмақ ниетте, деп жазады Аладоп.кз.

Кроос құрамаға қайта оралатын болды

Неміс өз елінің ұлттық құрамасы сапына Еуро-2024 турниріне дейін қосылмақ. Ол турнир қожайындарының құрамын күшейту мақсатында келеді. 

Еске салсақ, Тони Германия командасындағы мансабын Еуро-2020 турнирінен кейін аяқтаған болатын.

“Наурыз айынан бастап құрамаға қайта оралмақпын. Германия бапкері маған осындай өтініш жасады. Мен қуана келістім. Еуропа чемпионатында жанкүйерлер күткен нәтижеден асып түсетінімізге сенімдімін”, - деп жазады Кроос өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Кроос Германия құрамасында 2011 мен 2021 жыл аралығында өнер көрсетті. Ол бундестим сапында барлығы 106 ойын өткізіп, 17 гол соқты. Ойыншы 2014 жылы Әлем чемпионы атанды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×