"Карабахтың" тарихи жетістігі

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
23.02.2024, 07:36

Әзірбайжанның "Карабахы" Еуропа лигасының 1/8 финалына шықты. Кеше Гурбан Гурбановтың командасы "Браганы" жеңіп, келеаі кезеңге өтті. 

"Карабахтың" тарихи жетістігі

Әзірбайжанда бүгін үлкен той. Себебі, осыған дейін бұл елден ешкім Еуропа лигасының 1/8 финалына жетіп көрмеген. "Карабах" кеше үлкен ерлік жачады. Екінші таймның 57 ші минутынан бір футболшыға кем ойнаса да, азулы қарсыласына есесін жіберген жоқ. Экстратаймның соңғы сәттерінде жігер танытып, жеңіс голын салды. Әзірбайжандық команда өз алаңында жеңілсе де (есеп 2-3) қос ойынның қортындысында келесі кезеңге Португалиядағы төрт добының арқасында (жалпы есеп 6-5) "Карабах" шығып отыр. Посткеңестік елдің клубтары арасынан Еуропа лигасының 1/8 финалында (Донецкінің Шахтері Марсельден" өте алмады) жалғыз "Карабах" қана қалды. Мұның өзі жетістік емей немене?! 

"Фейенордт" былтырғыдай тағы да "Ромаға" жол беріп, сайысты аяқтады. Қос ойында 1-1 есебі тіркеліп, римдіктер пенальти сериясында басым түскен. "Ренн" Италияда жеңіске жеткенімен, келесі кезеңге өте алған жоқ. "Милан" әлі де биылғы Еуропа лигасының жеңісіне басты үміткерлер тізімінде! 

"Бенфиканың" да еурокубок ұтпағанына біраз уақыт болып қалыпты. Кеше "Тулузаны" тайдырған Португалияның топ-клубы да өзінің "пиғылын" аңғартып қойған сияқты. Бұл тұста әрине, "Байердің" өзі бір төбе болып тұр. Бундеслиганы шулатып, Тухельді тұғырынан тайдырған леверкузендіктерді де есептен шығаруға болмайды. Қысқасы, Еуропа лигасындағы барлық қызық алда. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×