Леон Горетцка: "Жағдайымыз қорқынышты кинодағыдай"

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
20.02.2024, 15:35

"Бавария" бапкері Томас Тухелдің жағдайы күн өткен сайын қиын. Команда ойыншылары мен жаттықтырушы арасы шиеленісіп бара жатқан секілді. 

Леон Горетцка: "Жағдайымыз қорқынышты кинодағыдай"

Өткен демалыста мюнхендіктер 11 сатыдағы "Бохумнен" (2-3) ұтылып қалған еді. Осы ойыннан кейін бапкер мен футболшылар арасында кикілжің болған көрінеді. Томас Тухел мен футболшылар матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде сөзге келісіп қалды деген әңгіме бар. Анығын ешкім білмейді. 

Айта кетейік, мюнхендіктердің чемпиондар лигасындағы жағдайы да көңіл көншітпейді. 8/1 финалдық кездесуде "Лациоға" 1-0 есебімен жеңілді. Бундеслигада қазір "Бавария" "Байерден" кейін екінші келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×