Әли Әлиев: "Оңтүстікті" оңай ұтамыз деу қателік болды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
15.04.2024, 18:33

Кеше Қазақстан Кубогінің 1/8 финалында  "Қызыл-Жар" мен "Оңтүстік" командалары кездесті. Тартысты бәсекеде Әли Әлиев жаттықтыратын "Қызыл-Жар" 2:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға аяқ басты.

Әли Әлиев: "Оңтүстікті" оңай ұтамыз деу қателік болды

Матч соңынан ойын ортаға салған жеңімпаз команда бас бапкері Ә. Әлиев былай деді: "Біздің команданың ойынына келер болсақ, қарсылас ұсынған сценарийге бірінші таймда дайын болмай шықтық. Футболшылар қарсыластың деңгейіне қарап, оңай олжаға кенелеміз деп ойлаған. Алайда, бұл қате болып, үзілістен кейін ойынға өзгерістер енгізіп, алаңға жоспарламаған футболшыларды шығару керек болды". Естеріңізде болса, Петропавлдық командадан бөлек, Қазақстан Кубогінің ширек финалына сондай-ақ, "Қайрат","Тобыл","Астана","Атырау","Ақтөбе" және "Елімай" шықты. Ширек финал ойындары мамырдың сегізі күні болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×