"Ливерпульді" кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
24.04.2024, 07:53

Арне Слот - "Ливерпульдің" бас бапкері қызметіне басты үміткер.

"Ливерпульді" кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

Бұл туралы мерсисайдтық клубқа жақын "The Telegraph" басылымының журналисі Крис Баскомб мәлімдеме жасаған болатын. "Ливерпульдің" шорт-листінде біраз бапкердің есімі жүрген, алайда қазір онда негізгі үміткер болып Арне Слот тұр делінген. Клуб басшылығын қызықтырып отырған - Слоттың аз бюджетпен нәтижелі жұмыс істейтін қасиеті. Мәселен, Арне Слот азғантай бюджетпен "Фейеноордты" Конференция лигасының финалына (2022) және Еуропа лигасының ширек финалына шығарды (2023). Бапкер роттердамдық команданың қорғанысқа көңіл бөлетін ойын стилін толық өзгертіп, шабуылдайтын мәнерге көшірген. 

Сонымен, Слот пен "Ливерпульдің" тікелей байланысқа шыққаны белгілі. Енді тағы бір сондай келіссөз жоспарланып отырған көрінеді. Айта кетейік, Арне Слоттың "Фейеноордтпен" келісімшарты 2026 жылы бітеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×