Поль Погба жасыл алаңға ертең-ақ оралуға дайын

15.02.2024, 23:58
Поль Погба жасыл алаңға ертең-ақ оралуға дайын

Жуырда допингке байланысты футболдан шеттетілген франциялықтың агенті Рафаэла Пимента осылай деді. «Ювентустің» жартылай қорғаушысының мүддесін қорғайтын маманның айтуынша, Погбаның жағдайы тамаша. Франциялық футболшы бабында екен. Күнде аянбай жаттығады.

«Погба алаңға ертең-ақ оралуға дайын. Моральдық тұрғыда алғанда ол нағыз чемпион. Сондықтан өмір Погбаның алдына қандай кедергілерін тосса да, сынып қалатын емес. Кейде оған: «Бұдан басқа да бірдеңемен айналыссақ қайтеді?» деймін ғой. Погба бұған ашуланып: «Рафаэла, мен жаттығуым керек. Сен түсінбейсің бе, мен ойнауым керек. Мен жеңіске жетіп, бастаған ісімді аяғына дейін жеткізуім керек» дейді.

Естеріңізге сала кетейік, Поль Погба Италия біріншілігінің 1 турындағы «Ювентус» пен «Удинезенің» ойынынан кейінгі оң допинг сынамасын тапсырған болатын. Ал осыған дейін БАҚ беттерінде Италияның допингке қарсы прокуратурасының Погбаны футболдан 4 жылға шеттетуді сұрағаны мәлім.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×