Премьер-лиганың ардагер ойыншысы команда ауыстырмақ ниетте

23.02.2024, 21:15

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Марат Шахметов мансабын “Хан-Тәңірі” ұжымында жалғастыратын болды, деп жазады Аладоп.кз.

Премьер-лиганың ардагер ойыншысы команда ауыстырмақ ниетте

Оңтүстік астанамызда құрылған ұжым ҚПЛ жолдама алуды мақсат етіпті. Ал оның жолында алматалық клубқа Марат Шахметовтың көмегі керек екен.

Бұған дейін 35 жастағы тәжірибелі ойыншы Нұрдәулетов баптайтын “Жетісу” сапында маусым алдындағы даярлығын пысықтаған болатын. 

Шахметов өз мансабында “Астана”, “Жетісу”, “Атырау”, “Шахтер”, “Ақжайық”, “Тараз” және “Каспий” клубтарында өнер көрсетті. 2023 жылғы маусымды Марат “Қызыл-Жар” сапында өткізді. Онда ол 12 ойын матчта алаңға шығып, 1 гол соқты.

Қазақстан құрамасы жейдесінде футболшы барлығы 10 кездесуде төбе көрсеткен. 2006 жылдан бері Шахметов Премьер-лига аясында 400-ден астам  матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×