Еуропа лигасының жеребе тарту рәсімі өтті

23.02.2024, 19:28

Бүгін, 23 ақпанда, УЕФА-ның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде Еуропа лигасының 2023/24 жылғы маусымының 1/8 финалдық кездесулерінің жеребесі тартылды, деп жазады Аладоп.кз.

Еуропа лигасының жеребе тарту рәсімі өтті

Жеребеге 16 команда қатысты: (топтық кезеңде бірінші орын алған 8 клуб пен 1/16 финалда жеңімпаз атанған 8 ұжым). 

Еуропа лигасының 1/8 финалының жеребесі:

«Спарта» Прага (Чехия) – «Ливерпуль» (Англия)

«Марсель» (Франция) – «Вильярреал» (Испания)

«Рома» (Италия) – «Брайтон» (Англия)

«Бенфика» (Португалия) – «Рейнджерс» (Шотландия)

«Фрайбург» (Германия) – «Вест Хэм» (Англия)

«Спортинг» (Португалия) – «Аталанта» (Италия)

«Милан» (Италия) – «Славия» Прага (Чехия)

«Карабах» (Азербайджан) – «Байер» (Германия)

Турнирдің 1/8 финалының алғашқы кездесулері 7 наурызға жоспарланған, ал қарымта ойындар 14 наурызда өтеді. Топтық кезеңде бірінші орын алған ұжымдар өз алаңында бірінші болып өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×