“Реалға” қарсы ойында түк бітірмеді

10.04.2024, 08:56

Эрлинг Холанд “Реал Мадридке” қарсы өткізген соңғы 3 кездесуінде ешқандай нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. 

“Реалға” қарсы ойында түк бітірмеді

Чемпиондар Лигасының 1/4 финалдық кездесуінің алғашқы матчтында “Сити” “Реал Мадрид” ұжымымен тең тарқасты (3:3). Норвегиялық шабуылшы ойынды толық өткізгенімен атап айтар әрекеттерімен көзге түспеді. 

Еске салайық, Холанд Чемпиондар Лигасының өткен маусымдағы “Реалға” қарсы 1/2 финалдық қос кездесуіндеде алаңға шығып, голдық көрсеткіштерін тіркей алмай қайтып еді (1:1, 4:0).

Айта кетейік, Эрлинг Чемпиондар Лигасында Харри Кейннен кейінгі үздік сұрмергендердің бірі. Шабуылшының биылғы маусымдағы қоржынында 6 гол бар. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 5
Серіктес жаңалықтары
×