Шушеначевтің Израильдегі жағдайы түзеліп келеді

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
04.04.2024, 13:09

Израиль біріншілігінің «Хапоэль Беэр-Шева» командасында ойнайтын қазақстандық шабуылшы Артур Шушеначев кеше өз командасымен маңызды жеңіске жетті.

Шушеначевтің Израильдегі жағдайы түзеліп келеді

Қазақстандық футболшы «Хапоэль Петах-Тикваға» қарсы Израиль Кубогінің ширек финалдық бәсекесінде негізгі құрамда шығып, екінші тайм барысында алаңдағы орнын босатқан. Бұл кездесу Шушеначевтің командасының жеңісімен (0:1) аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 44 минутта пенальтиден Элдер Лопеш салған болатын. Осылайша, Артур Шушеначев өз командасымен Израиль Кубогінің жартылай финалына шығып отыр.

Айта кетейік, қазақстандық футболшы Израиль біріншілігіндегі клубқа ақпан айында ауысқан. Содан бері Беэр-Шева қаласының командасы үшін сегіз ойынға қатысып, екі рет мергендік танытқан. Сол екі голдың біреуін Шушеначев өткен 27 турда Хапоэль Хайфаның қақпасына салып, (2:1) командасына үш ұпай сыйлады. Ол ойында қазақстандық форвард алаңға екінші тайм барысында шыққан болатын.          

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 44
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×