Симеоне Депайдың жарақатына байланысты өз пікірін білдірді

09.04.2024, 22:24

“Атлетико” шабуылшысы Мемфис Депай “Боруссия” Дортмундқа қарсы Чемпиондар Лигасының 1/4 финалдық қос кездесуін өткізіп алатын болды. 

Симеоне Депайдың жарақатына байланысты өз пікірін білдірді

Бас бапкер Диего Симеоне:

“Мемфис - команда үшін маңызды ойыншы. Бірақ ең маңызды сәтте ол жарақат алып қалды. Алайда соған қарамастан, “Атлетико” бұл мәселенің шешімін табуға жан-жақты нұсқаларды қарастырып көреді. Мендегі мақсат оның орнын жоқтатпау. Команданың келер ойында жеңіске жетуіне қолайлы жағдай жасау”.

Бұған дейін БАҚ өкілдері Мемфис Депайдың бұлшықет жарақатын алғанын жазған болатын. Дәрігерлердің пайымдауынша, футболшы қатарға екі-үш аптасыз қосылмайды екен. 

Еске салайық, бүгін сағат 00:00 “Атлетико Мадрид” өз алаңында “Боруссия” Дортмундпен кім мықтыны анықтайтын болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×