Жазда «Қайраттың» қатарын тағы да бір өзбекстандық футболшы толтыруы мүмкін

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
02.05.2024, 16:39

Жуырда Өзбекстан U-23 жастар құрамасы Азия Кубогінің финалына шығып, Париж Олимпиадасына жолдама еншілеген еді.

Жазда «Қайраттың» қатарын тағы да бір өзбекстандық футболшы толтыруы мүмкін
Өзбекстан U-23 жастар құрамасы Азия Кубогінде

Ала шапанды ағайындарымыздың осындай толағай табысы біраз елдің функционерлерінің назарын аударғаны анық. Оның ішінде әрине, Қазақстан да бар. Дәлірек айтсақ, Алматының «Қайраты» қазір Өзбекстан жастар құрамасының футболшыларына ерекше қызығушылық танытуда деген ақпарат келіп жетті. «Қайраттың» мұндай қызығушылығының бірнеше себебі айтылған. Бірінішіден – өзбекстандық футболшылардың Қазақстан біріншілігіне бейім келетін қасиеті. Бұған мысал ретінде, Иброхимхалил Юлдошевтің трансферін келтіруге болады. «Қайраттың» басшылығы сол қапталдағы қорғаушының өнеріне көңілі толады. Енді жазда Алматылық команда көршілес елден тағы да жаңа трансфер жасауы ықтимал.

Айта кетейік, «Қайрат» қазір ҚПЛ-де сегізінші сатыда тұр. Көш басында «Ақтөбе» болса, соңғы орынға Қарағандының «Шахтері» жайғасқан.        

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×