Жарнама
Жарнама

ФИФА-дан тыйым – “Жетісу” мәлімдеме жасады

Бүгін, 20:24

Талдықорғандық "Жетісу" халықаралық футбол қауымдастығының санкциясына ұшырап, клубқа жаңа ойыншыларды тіркеуге уақытша шектеу қойылды. Бұл жаңалық жанкүйерлер арасында үлкен алаңдаушылық тудырғанымен, клуб басшылығы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Көпшілік бұл тыйымды ойыншылар алдындағы берешекпен байланыстырса да, клуб бұл ақпаратты жоққа шығарды. Мәселе 2024 жылғы маусымдағы әкімшілік процестер мен "FIFA Clearing House" жүйесіндегі тексерістерге тіреліп тұр.

Клубтың ресми хабарламасы:

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында клуб қызметіне қатысты соңғы кездері жарияланған материалдарға байланысты "Жетісу” ФК ресми түрде келесіні хабарлайды:

2026 жылғы 12 мамырда клубқа қатысты шынымен де FIFA тарапынан жаңа ойыншыларды тіркеуге уақытша шектеу қою туралы шешім шығарылды. Бұл шара бұған дейін, дәлірек айтқанда 2024 жылғы маусымда туындаған жағдайларға байланысты "FIFA Clearing House" рәсімі бойынша әкімшілік мәселелермен және тиісті тексеруден өтумен байланысты болып отыр.

Бұл жағдайдың команданың қазіргі спорттық қызметіне қатысы жоқ екенін, клубтың қазіргі ойыншыларымен арадағы келісімшарттық даулардың салдары еместігін және "Жетісу” ФК-ның ағымдағы жарыстарға қатысуына әсер етпейтінін ерекше атап өтеміз.

Клуб бұл мәселені реттеу үшін барлық қажетті процедураларды орындауға, соның ішінде FIFA-мен және Қазақстан футбол федерациясымен өзара іс-қимыл жасауға кірісіп кетті.

"Жетісу" ФК қалыптасқан жағдайды толық жауапкершілікпен қабылдайды және оны белгіленген тәртіппен тезірек шешу үшін барлық шараларды қолдануда.

Осы мәселе бойынша ресми ақпарат тек клубтың ресми ресурстары арқылы таралмақ."

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров