Жарнама
Жарнама

“Жоғары деңгейдегі қақпашы емес” – Еуропада топ жарған Қазақстандық футболшыға күтпеген баға берілді

Бүгін, 19:32

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Әзербайжандық "Сабах" клубымен бірге капитан ретінде тарихи маусымды өткеріп, ел чемпионы атанып қана қоймай, кубокты да иеленді. Дегенмен, бұл жетістіктерге қарамастан, жергілікті сарапшылар оның шеберлігіне күмәнмен қарап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Алтын дубль және 30 матчтық жеңіссіз серия

"Сабах” биылғы маусымда нағыз феноменге айналды. Команда Премьер лигада небәрі 22 гол жіберіп, 30 ойын бойы жеңілмей, рекорд орнатты. Осы жетістіктің басында тұрғандардың бірі — Стас Покатилов. Бірақ Әзербайжандық белгілі журналист Элсевар Мамедов қақпашының еңбегін мойындағанымен, оны үздіктер қатарына қосуға асығар емес.

"Деңгейі жоғары емес, бірақ тұрақты"

Мамедовтың пікірінше, Покатиловтың статистикасының жақсы болуына көбіне команданың қорғаныс шебі әсер еткен. Қарсыластар "Сабах” қақпасына айтарлықтай қауіп төндіре алмаған көрінеді.

“Стас "Сабахтың" чемпиондығы мен Кубокты жеңіп алуында маңызды рөл атқарды. Ол барлық дерлік ойынға қатысып, тұрақты өнер көрсетті. Бірақ, шынымды айтсам, мен оны жоғары деңгейдегі қақпашы деп санамаймын. "Сабах” сондай деңгейде ойнады деуге болады — қарсыластар олардың қақпасына жиі шабуыл жасай алмады. Тіпті "Қарабақтың” өзі Покатиловты қиын жағдайға қалдыратын сейвтер жасауға мәжбүрлей алмаған." — дейді сарапшы Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

Сынға қарамастан, Покатилов команданың негізгі тірегі болып қала бермек. Сарапшының болжамы бойынша, клуб Қазақстандық легионермен қоштаспайды:

"Стастың ойынында өрескел қателіктер жоқ. Келесі маусымда ол Чемпиондар лигасында "Сабахтың” намысын қорғайтын негізгі қақпашы болады."

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров