Ұлттық құраманың қорғаныс шебі маусым айындағы жолдастық кездесулер қарсаңында маңызды ойыншысынан айырылып қалуы мүмкін. "Ақтөбе" ойыншысы Бағдат Қайыровтың денсаулығына байланысты мәселе әлі де шешімін таппай тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бағдаттың айтуынша, бәрі ақпан айындағы оқу-жаттығу жиындарынан басталған. Сол кезде алған жарақаты әлі күнге дейін ойыншыға толық күшінде өнер көрсетуге кедергі келтіріп жүр. Тіпті, "Ұлытауға” қарсы ойында алаңға шығып көргенімен, ауырсыну сезімі қайта оралған.
“Ақпан айындағы жарақатты әлі емдеп жүрмін. "Ұлытаумен" болған кездесуде бағымды сынап көрген едім, бірақ толыққанды ойнау мүмкін болмады. Санның артқы бұлшықетінің жыртылуы оңай емделетін жарақат емес екен.” — дейді футболшы Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.
Бағдаттың айтуынша, толық сауығу үшін уақыт қажет және жақын күндері медициналық тексерістен өтеді.
Біздің серіктес: FONBET