Жарнама
Жарнама

ҚПЛ ойындарына шетелдік төрешілер орала ма? Каштру нақты жауап берді

Бүгін, 16:37

ҚФФ Төрелік ету және инспекциялау департаментінің басшысы Нуну Каштру келесі маусымда легионер-төрешілердің келу-келмеуіне қатысты соңғы шешімін жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Match KZ-ке берген сұхбатында Каштру Федерация тек сырттан маман шақырумен шектелмей, отандық төрешілердің де деңгейін көтеруді көздеп отырғанын айтты.

“Біз Қазақстандық төрешілердің шетелдік чемпионаттарда қызмет еткенін қалаймыз және осы бағытта жұмыс істейміз. Бұл – екіжақты процесс.” – деді департамент басшысы.

Жанкүйерлер мен клубтарды толғандырған басты сауалға Каштру нақты жауап берді. Оның айтуынша, шетелдік төрешілерді шақыру мәселесі әлі де күн тәртібінде тұр.

Егер чемпионаттың шешуші ойындарында қажеттілік туындаса, сырттан төреші алдыру мүмкіндігі қарастырылады. Футбол қауымдастығы мен Федерация тарапынан сұраныс болса, бұл мәселе оң шешімін таппақ. 

Шетелдік мамандар туралы айтылғанымен, Нуну Каштру жергілікті кадрларды дамытуды басты мақсат деп санайды. Қазіргі таңда Қазақстанның төрешілер корпусын жүйелі түрде жетілдіру жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров