Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Германияға ресми сапары барысында Мюнхеннің «Бавария» футбол клубының арнайы жейдесі сыйға тартылды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Мюнхенде Мемлекет басшысы Бавария премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесті. Кездесудің басында Германияның федералдық жері үкіметінің басшысы Қазақстан Президентіне есімі жазылған «Бавария» жейдесін табыстады. Жейдеге клуб футболшыларының қолтаңбалары қойылған.
Сыйлық Қасым-Жомарт Тоқаевқа Германияға жасаған ресми сапары аясында берілді. «Байерн Мюнхен» — Мюнхен қаласының ғана емес, Германия футболының ең танымал клубтарының бірі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бавария арасындағы байланыстарды талқылады. Ал футбол жанкүйерлері үшін кездесудің есте қаларлық сәттерінің бірі — Қазақстан Президентіне «Бавария» футболшыларының қолтаңбалары қойылған жейденің табысталуы болды.
Біздің серіктес: FONBET