Қазақстандық төрешілер корпусының өкілдеріне УЕФА аясындағы бірден үш халықаралық матчқа төрелік ету мүмкіндігі берілді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Отандық мамандар жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде, Ұлттар лигасында және әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасында жұмыс істейді.
Қазақстандық төрешілер бригадасы Бoлат Сәриевтің жетекшілігімен Сан-Марино – Испания матчын басқарады. 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кездесу 1 қазанда Серравалледегі «Стадио Сан-Марино» стадионында өтеді.
Сәриевке Юрий Тихонюк пен Денис Лабашов ассистенттік етеді. Қосалқы төреші қызметін Данил Горда атқарады. Қазақстандық төрешілер бригадасының бұл тағайындалуы Испания корольдік футбол федерациясының ресми ресурстарында да атап өтілген.
Қазақстан футболы үшін тағы бір маңызды жаңалық әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасында тіркелді. Татьяна Сорокопудова италиялық «Рома» мен Испаниялық «Барселона» арасындағы кездесуде AVAR, яғни бейнеассистент төрешінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.
Бұл – Қазақстаннан шыққан әйел төрешінің УЕФА-ның клубтық ресми турниріндегі VAR бригадасына алғаш рет енуі. Матчтың бас төрешісі Ағылшын Кирсти Доул болса, VAR қызметін Питер Бэнкс атқарады.
Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекция департаментінің директоры Нуну Каштру да УЕФА-дан тағайындау алды. Ол 2026/27 жылғы Ұлттар лигасының үшінші турында өтетін Грекия – Нидерланд кездесуінде УЕФА инспекторы ретінде жұмыс істейді.
Бұл матчта төрешілер бригадасын Италиялық Марко Гуида басқарады. VAR жүйесінде Даниэле Киффи мен Валерио Марини қызмет атқарады.
Осылайша, Қазақстандық төрешілердің халықаралық аренадағы өкілдігі бірден бірнеше беделді УЕФА турнирінде жалғасып отыр.
Біздің серіктес: FONBET