Қостанайдың "Тобыл" айналасында үлкен жаңалық күтілуде. Команда басшылығы клубтың болашағын түбегейлі өзгертуі мүмкін алпауыт инвестормен келіссөздерді қызу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жаңа қожайын кім?
Елдар Аманбаевтың таратқан мәліметіне сүйенсек, Қостанайлық ұжымның жаңа иесі еліміздегі ең ірі агроөнеркәсіптік холдингтердің бірі — "Олжа Агро” компаниясы болуы мүмкін. Буыны бекем бұл алпауыт кәсіпорын Қазақстанның аграрлық секторындағы ең ықпалды ұйымдардың қатарына жатады.
"Олжа Агро” холдингі тек егін шаруашылығымен ғана емес, сонымен қатар мынадай ауқымды салалармен айналысады:
– Ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығы
– Дәнді және майлы дақылдарды сақтау әрі шетелге экспорттау
– Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу;
– Арнайы ауыл шаруашылығы техникаларын шығару
Бұл компанияның қаржылық әрі материалдық мүмкіндігі орасан зор. Мәселен, холдингтің иелігіндегі және басқаруындағы жердің жалпы көлемі шамамен 960 мың гектарды құрайды. Мұндай ірі инвестордың футболға келуі клубтың бюджетін еселеп арттырары сөзсіз.
Қазіргі уақытта екі жақ арасындағы келіссөздер жай ғана қызығушылық емес, өте маңызды әрі нақты сипатта өтіп жатыр.
“Тараптар клубтың болашағы мен қаржыландыру мәселесін егжей-тегжейлі талқылауда. Дегенмен, алып холдингтің Қостанайлық клубқа ресми түрде келуіне қатысты соңғы нүкте әлі қойылған жоқ. Түпкілікті шешім жақын арада белгілі болады." — деп хабарлайды дереккөздер.
Біздің серіктес: FONBET