Шымкент қаласында бой көтеріп жатқан жаңа “Ордабасы” стадионының басты сипаттамалары белгілі болды. Қаратау ауданында салынып жатқан бұл алып спорт кешені тек отандық футболдың ғана емес, бүкіл Еуропаның назарын аударатын бірегей жобаға айналмақ, деп хабарлайды Aladop.kz.
Шымкенттегі жаңа “Ordabasy Arena” стадионы 35 000 көрерменге лайықталып салынуда. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан аренаның ең басты ерекшелігі — ол УЕФА-ның ең жоғары 4-санатты стандарттарына толықтай сай келеді.
УЕФА-ның 4-санаты бұл стадионға Еуропа лигасы мен Конференция лигасының финалдық матчтарын қабылдауға ресми түрде құқық береді. Бұл дегеніміз — әлемдік деңгейдегі гранд клубтар мен футбол жұлдыздары Шымкентке келіп, бас жүлде үшін таласа алады деген сөз.
Нысанның жалпы аумағы 21 гектарды құрайды. Заманауи талаптарға сай жабдықталып жатқан стадионның жобасында мынадай жағдайлар қарастырылған:
– Ауа райының қолайсыздығынан қорғайтын толықтай жабық төбе
– Мәртебелі қонақтарға арналған арнайы VIP-ложалар
– Ең соңғы үлгідегі алып LED экран
– Халықаралық БАҚ өкілдеріне арналған заманауи медиа-орталық
– Көлік кептелісін болдырмау үшін 2500 орындық үлкен автотұрақ.
Жаңа арена халықаралық деңгейдегі кез келген ресми кездесуді жоғары дәрежеде өткізуге толық қауқарлы болмақ.
Біздің серіктес: FONBET