1-кезеңнің есеп-қисаптары

04.08.2011, 11:24
1-кезеңнің есеп-қисаптары
Көзді ашып жұмғанша қазақстан біріншілігінің 1-кезеңі аяқталды. Сіздердің назарларыңызға осы ойындардан шағын есеп-қисап ұсынбақпыз. Барлық 22 ойын барысында, 1980 минут бойы алаңдағы өз орнын ешкімге алмастырмай 4 ойыншы 1-кезеңді аяқтады. Олар: «Астаналық» қос қорғаушы Қайрат Нұрдаулетов пен Марк Гурман, сондай-ақ Эмиль Кенжесариев «Актөбе», Алдин Джидич «Шахтер». Тағы 8 ойыншы өзге әріптестерімен алмассада 22 ойынның барлығына қатысты. Сонымен аталмыш сегіздік: Сергей Остапенко («Жетісу»), Нұрбол Жұмасқалиев («Астана»), Вагнер Кошта («Ордабасы»), Виталий Волков («Тобыл»), Олег Недашковский («Тараз»), Павел Кирильчик («Қайрат»), Андрей Шабанов («Атырау») и Дмитрий Мамонов («Восток»).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×