«10 легионермен бірде-бір жеңіске жетпеген клуб «Қайсардан» үлгі алсын..». Елордалық команда сұмдық сынға қалды

27.05.2025, 12:57

«GOAL.KZ» телеграм-арнасы маусым басындағы «Жеңістің» сәтсіздігіне тоқталып, елордалық ұжымға дағдарыстан шығудың жолын ұсынды.

«10 легионермен бірде-бір жеңіске жетпеген клуб «Қайсардан» үлгі алсын..». Елордалық команда сұмдық сынға қалды
"Жеңіс" ФК футболшылары

Пиралы Әлиевтің командасы өткен турда жеңіп жатып «Астанадан» ұтылып қалған болатын 2:4.  

«10 турдан кейін «Жеңіс» бірде-бір рет жеңіске жете алған жоқ және турнирлік кестеде 12-орында келеді. Біраз қаражат жұмсалған командадан дәл осындай нәтиженің күтілмегені анық.

«Оқжетпес» пен «Қайсар» әзірше легионерсіз-ақ лигада бәсекелестікке төтеп берсе, «Жеңіс» құрамында 10 шетелдік футболшымен нәтижесіз келеді. Егер легионерлерден пайда болмайтын болса, клубқа мүмкін «Оқжетпестің» жолымен жүру керек шығар», - делінген телеграм-арнасының жазбасында.

«Жеңіс» үшін маусымның басы сәтсіз өтуде. Елордалық ұжым премьер-лигада жеңіске жете алмаған жалғыз клуб болып отыр. Маусым барысында Акис Вавалис орнынан кетіп, грекиялық жаттықтырушының орнын Пиралы Әлиев басқан болатын. «Жеңіс» келесі турда «Ордабасымен» шеберлік байқасады. Бұл кездесу 30-мамырға жоспарланған.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×