12-ші тур ойындары. Бірнеше сағаттан кейін

22.05.2013, 19:49
12-ші тур ойындары. Бірнеше сағаттан кейін
photo_22207Бірнеше сағаттан кейін еліміздің түкпір-түкпірінде футболдан Қазақстан чемпионатының 12-ші тур ойындары өтеді. Бұл айналымның орталық матчы “Шахтер” мен “Ақтөбе” арасында өрбімек. Қарағандылықтар алдағы кездесуде үш ұпай үшін жан алысып, жан берісері сөзсіз. Екінші айналымда “Ақтөбеге” сырт алаңда жол берген кеншілер енді өз жанкүйерлері алдында қалайда намысқа тырысар. “Шахтер”- “Ақтөбе” Төреші: Игорь Алешин (Павлодар) 18:30 Астана уақытымен “Ақжайық”- “Тараз” 20:00 Астана уақытымен Төреші: Руслан Дузмамбетов (Өскемен) Жақында ғана бас бапкер Любомир Петровичті қызметінен босатқан тараздықтар қазір өз-өздеріне келе алар емес. Десе де биылғы маусымды сәтті бастаған “Тараз” 13-ұпаймен 6-шы орында келеді. Былтыр “Ақжайық” өз алаңында “Таразды”3:0 есебімен ойсыратқан. Алайда қарымта матчта 3:2 есебімен кеткен есені қайтарды. Қазірде қос команда деңгейлес. “Қайрат”- “Астана” 17:00 Астана уақытымен Төреші: Артем Кучин (Қарағанды) “Астана” биыл басты орындарға таласатыны сөзсіз. Бірінші орындағы “Ақтөбені” өкшелеп келе жатқан “Астана” оңай берілуі екіталай. “Қайрат” турнир кестесінің 5-ші сатысында орналасқан. Биылғы жоспарды орындау үшін алматылықтар жеңіске жетуі тиіс. “Қайрат” “Астанаға” қарсы жоғары деңгейлі ойын көрсетуі әбден мүмкін. Чемпионаттың алғашқы айналымында алматылықтар сырт алаңда 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын. "Тобол" - "Атырау" Төреші: Виктор Антонов (Павлодар), 18:30 Астана уақытымен “Ордабасы”- “Жетісу” Төреші : Сергей Гороховодаций (Алматы) 18:00 Астана уақытымен “Восток”- “Ертіс” Төреші: Ақмалхан Холматов (Қызылорда) 18:00 Астана уақытымен
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×