15 жасар Мартин Одегаард гранд клубтардың басты назарында

02.08.2014, 05:01
15 жасар Мартин Одегаард гранд клубтардың басты назарында

             загруженное

  • Норвегиялық «Стремсгодсет» командасының жартылай қорғаушысы Мартин Одегаард Еуропаның беделді клубтарының басты назарына ілікті.

15 - жасар талантты футболшыға «Реал», «МЮ» және «Бавария» клубтары талас жүргізуде. Ағылшындар мен немістер футболшыны сынаққа шақырды, ал «Реал» норвегиялық клуб басшылығымен келіссөз жүргізуде. Королдік клуб Одегаард үшін 12 млн фунт беруге әзір.

Осы маусымда Одегаард Норвегияның жоғарғы біріншілігінде ойнаған әрі гол соққан ең жас футболшы атанды. Барлығы 11 ойынға қатысып, 3 голды өз еншісіне жазды.
Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×