2-тур. "Ертіс" алға шықты

22.03.2016, 04:00
2-тур. "Ертіс" алға шықты
Қазақстан Премьер-лигасының 2-нші турында - «Қайрат» тағы да жеңе алмады, «Ордабасы» Шымкентте чемпиондарға пәлендей қарсылық көрсете алмаса, «Ертіс» сырт алаңда «Ақжайықтың» тас-талқанын шығарды. «Ордабасы» — «Астана» 1:3 Шырайлы Шымкенттегі «Қажымұқан атындағы»  стадионда өткен турдың орталық кездесуінде қонақтар алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін өз қолдарына алды. Есепті бірінші астаналықтар ашты: ойынның 10-минутында қорғаушы Евгений Постниковның қарсылас айып алаңына асырған добына алғашқы болып  Патрик Твумаси жетіп, допты оң аяғымен Деспотовичке тастай салды. Сербиялық шабуылшы мүмкіндікті мүлт жібермей, гол соқты. Алаң иелерінің де жауаптары дайын екен. Қарсылас қорғанысың орта тұсындағы олқылықты шебер пайдаланған Филип Касалица бір паспен Юнузовичті бос қақпаның алдында қалдырдды,  1-1. Есеп теңескен соң, қонақтар басымдық байқата бастады.Бірнеше ұрымтал сәттер туғызғанымен, амал нешік, доп торға еш түспей-ақ қойды. Ойын осылай жалғаса берер ме еді, қақпашы Бойченконың өрескел қателігінен кейін, Симчевичтің артқа тастаған пасы автоголға айналып, бірінші таймның соңына таман Станимир Стойлов шәкірттері есепте алға шықты. Бірер минуттан соң, бұрыштама көтерілген кейін, иесіз қалған допқа бірінші болып Аничич жетіп, қорытынды есепті орнатты. Екінші таймда «Ордабасы» ойыншылары қарсылас қақпасының алдын біраз шаңдатуға көшті. Бірақ, олар бағыттаған соққыларға қақпашы Ненад Эрич тосқауыл болып, қабыланша қақшыды. «Шахтер» — «Жетісу» 0:0 Теміртауда өткен кездесуде есеп ашылмаса да, екі қақпаның алдында да қауіпіті сәттер туындап жатты. Тіпті сондай сәттердің бірінде Жетісулік шабуылшы Бержан Тұрысбек қақпашыдан допты асырып жіберіп еді,          Иван Садовничий теңбіл допты қақпа сызығынан кері теуіп үлгерді. Қарағандылық команда қанша тырысса да ұта алмады, ал Талдықорғандық Жетісу қауіпті қарымта шабуылдар жасағанымен де, сәттілік жетіспей, таблодағы көрсеткіш 0-0 күйінде қалды. «Акжайық» — «Ертіс» 0:3 Оралда өткен ойында «Ертіс» аса қауқар көрсете қоймаған қарсыласының қақпасына үш доп тоғытып,  Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрамадағы дебютінің алдындағы көңіл-күйін бұзды. Қонақтар бірінші таймдағы екі голды да стандарттық жағдайлардан енгізсе(Ахметов 27 (0:1), Джаллоу 45+1 (0:2), 54-минутта қарсыласын жас балаша алдап өткен Карлуш Фонсеканың пасынан кейін Роман Муртазаев есепті 3-0-ге жеткізді. Бұдан кейін де  Нұрболат Қалменов қақпасының алдында пайда болып жатқан  ұрымтал сәттерді павлодарлық клубтың шабуылшылары ұтымды пайдалана алмаса да, Ертіс ойыншылары бапкер сенімін артығымен ақтады. «Оқжетпес» — «Қайрат» 1:1 Көкшетауда өткен тартысты кездесуде алғашқы болып есепті қонақтар ашты.  41-минутта Бруно Соарестің әуелетіп тастаған добын Жерар Гоу кеудесімен тосып алып, алға бірер қадам жасады да, алыс бұрышқа бағыттатды. Жергілікті команда азулы алматылық клубқа қарсы ұйымшыл ойын ұсынып, екінші тайм бастала бере таразы басын теңестіріп кетті. Владимир Муханов шәкірттерінің қоржынына 1 ұпай салатын голдың авторы Қайрат сапында 6 жыл доп теуіп, 156 кездесу өткізген – Әлібек Бөлешов екенін атап өткеніміз жөн. Екінші таймда алматылық «Қайрат» гол соғар бірнеше ұрымтал сәтті уысынан шығарып алды. «Тараз» — «Ақтөбе» 1:1 Бірінші турда 3-1 есебімен ойсырай ұтылған «Ақтөбе» осы ойында жеңіс үшін ойнайтыны түсінікті еді. Алғашқы минуттардан-ақ шабуылға ден қойған қонақтар ақыры өз дегеніне жетті. 11-минутта до үшін таласта Бобир Давлатовты команда капитаны Дмитрий Евстегнеев өз айып алыңында шалып жыққаннан кейін, төреші Александр Гаузер бірден 11 метрлік нүктені нұсқады. Сөйтіп, 12-минутта Самат Смақов пенальтиден өз командасын алға шығарды. Есепте қалып келе жатқаннан соң манадан бері қорғанысқа көңіл бөлген тараздықтар қонақтарды кәдімгідей тықсырды. Бірінші тайм аяқталуға жақын қалғанда қақпашы Самат Отарбаев қателесіп, өз иелігін ашық тастап, шабуылшы Зеньковичке есепті теңестіруге мүмкіндік беріп қойды. Есептің өзгермеуіне 69-минутта алаң шетіндегі кішігірім қақтығыстан кейін қызбалыққа салынып кеткен Олег Недашковскийдің алаңнан қуылуы да өз септігін тигізді. Құрамында 1 адамға кем болса да, қарсыластарынан алдыңғы шепте қызығырақ өнер көрсеткен алаң иелері есепті өзгерте алмады. «Тобыл» - «Атырау» кездесуі ауа райының қолайсыздығына байланысты кейін шегерілді.  

Алмас БАЙДРАХМАН

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 1-ші курс студенті

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×