26 жасында футболдан кеткен “Манчестер Ситидің” бұрыңғы ойыншысы қазір Ұлыбританиядағы 40 жасқа дейінгі ең бай адамдардың қатарында

29.04.2025, 09:30

"Манчестер Сити” академиясының түлегі Рис Уабара кәсіби футболды 26 жасында тастап, қазіргі уақытта 83 миллион фунт стерлингке бағаланатын сән бизнесін құрып, ең бай экс-футболшылардың біріне айналды.

26 жасында футболдан кеткен “Манчестер Ситидің” бұрыңғы ойыншысы қазір Ұлыбританиядағы 40 жасқа дейінгі ең бай адамдардың қатарында

Уабара “Сити” академиясына 2007 жылы "Уолсолл” клубынан ауысып келген. Ол Премьер лигада небәрі бір-ақ рет алаңға шыққан.  

Одан кейін Уабара “Ипсвич Таун”, “Олдхэм Атлетик” және “Блэкпул” клубтарында жалға ойнады, кейін 2014 жылы “Донкастер Роверске” толықтай ауысты. Футболдағы мансабын ол 2017 жылы аяқтады. Ол барлығы 148 кәсіби матч өткізген. Мансабының соңында “Барнсли”, “Уиган” және “Болтон” командаларында аз уақыт ойнады.

Футболды кеткеннен кейін Уабара бар назарын сән бизнесіне аударды. Ол 2013 жылы, әлі “Манчестер Ситиде” жүрген кезінде, өзінің "Manière De Voir” атты сән брендын құрған.

2021 жылы “The Times” газетіне берген сұхбатында Уабара мектеп кезіндегі досы, Gymshark компаниясының тең құрылтайшысы Льюис Морганмен сөйлескеннен кейін сән индустриясына бет бұрғанын айтқан.

“Өзімді қай салада ең жоғары деңгейге жеткізе аламын деп ойландым. Чемпиондар лигасы мен Англия құрамасының тұрақты ойыншысы болу мүмкіндігімнің аз екенін түсіндім.” – деді ол.

“Әрдайым киіну стилім ерекше болатын. Льюис маған: ‘Сен сән саласында бір нәрсе бастауың керек.” деді.”

Уабара сән компаниясын 15 000 фунт инвестициямен ашты. Ол кезде оның апталық жалақысы 3 000 фунт еді. Льюис Морган бизнеске көмектесу үшін 17% үлес алып отырған.

Футбол мен бизнесті қатар алып жүру өте қиын болғандықтан, ақыры Уабара сән брендіне толықтай көңіл бөлуге шешім қабылдады. Оның алғашқы жылы-ақ компаниясы 1 миллион фунт табыс тапты. Коллекциясында 30 фунт тұратын футболкалар мен 90 фунт тұратын спорт костюмдері болды.

“Manière De Voir” негізінен әйелдер киімін сатумен айналысады, бірақ Энтони Джошуа мен Рахим Стерлинг сияқты спорт жұлдыздары да оның киімдерін киіп, жарнамалаған.

2024 жылы Уабараның байлығы 83 миллион фунтқа жеткені хабарланды. Бұл көрсеткіш оны Sunday Times-тың “Жас байлар тізімінде” 33-орынға шығарды. Бір жыл бұрын оның байлығы 26 миллион фунт болған еді.

Сол кезде Уабараның байлығы Англия капитаны Харри Кейн, Рахим Стерлинг және бұрынғы Реал Мадрид жұлдызы Гарет Бейл сияқты футболшыларды басып озды.

2024 жылы Уабара бизнес серіктесі Льюис Морганның үлесін 9,4 миллион фунтқа сатып алып, компанияның толық иесі атанды. 10 жыл бойы тек онлайн жұмыс істеген Manière De Voir 2023 жылдың желтоқсанында Лондондағы Оксфорд көшесінде алғашқы дүкенін ашты. Сол айда олар Нью-Йоркте екінші дүкен ашатындарын да жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×