Абат Айымбетов: «Бензема, Роналду секілді ойыншылармен салыстырғаны жақсы әсер сыйлайды»

13.06.2022, 00:54
Словакия қақпасына да гол соғамын деп отыр сақалды шабуылшымыз.
Абат Айымбетов: «Бензема, Роналду секілді ойыншылармен салыстырғаны жақсы әсер сыйлайды»

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Словакиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты. 

- Үш күн сайын матч өткізу ойыншыларға қалай әсер етуде? 

- Қиынға соғуда. Бірақ амалымыз қанша, шыдауға тура келеді. Ертеңгі ойынға деген дайындық жақсы. Соңғы матчты жеңіспен аяқтауға тырысамыз. 

- Соққан голдарыңыздан кейін жанкүйерлер сізді Роналдуға теңеуде. 

- Әрине, Бензема, Роналду секілді ойыншылармен салыстырғаны жақсы әсер сыйлайды. Бірақ мен Аралдан шыққан Айымбетовпін. Бір күні сондай футболшы боламын деген үміттемін. 

- Қазақстан біріншілігі бел ортасына келді, ал Словакияда чемпионат аяқталып жатыр. Бұл біздің команда үшін артықшылық па? 

- Мұны ертеңгі ойын көрсетеді деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×