Абат Айымбетов «Каспий Кубогы» турнирінің үздік бомбардирі болып танылды

02.08.2011, 08:43
Абат Айымбетов «Каспий Кубогы» турнирінің үздік бомбардирі болып танылды
Абат Айымбетов «Каспий Кубогының» үздік бомбардирі атанды Баку турнирінде Қазақстан құрамасы соңғы матчта Өзбекстан командасын 5:0 есебімен жеңіп, 5-орынды иеленгенін еске саламыз. Дәл осы кездесуде «Ақтөбелік» шабуылшы Абат Айымбетов «покер» жасады. Бұған дейін Грузия мен Тәжікстан командалары қақпаларына бір бірден гол соққан болатын, қорытындысында ойыншының еншісіне 6 гол жиналды. Турнир біткен соң, ұйымдастырушылар жеңімпаздары әр түрлі номинациялар бойынша марапаттады. Қазақстандық Абат Айымбетов турнирдің үздік бомбардирі жүлдесін иеленді. «Каспий Кубогы» халықаралық турнирінің жеңімпаздары: «Фэйр-плэй» жүлдесі – Қырғызстан құрамасы Үздік бомбардир - Абат Айммбетов (6 гол, Қазақстан құрамасы) Үздік қақпашы - Окан Кочук (Түркия құрамасы) Турнирдің үздік ойыншысы - Самуэль Кастильехо (Испания құрамасы)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×