«Каспий Кубогы»: Қазақстан Тәжікстанды басып озды

02.08.2011, 08:46
«Каспий Кубогы»: Қазақстан Тәжікстанды басып озды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) «Каспий Кубогы» халықаралық турниріндегі алғашқы жеңісіне жетті. Қазақстандық командаға қарсылас ретінде Тәжікстан құрамасы шықты. Ойынның қорытынды 2:1 есебі біздің жасөспірімдердің пайдасына шешілген. Алдымен қарсыласымыз өз қақпасына гол тоғытып алса, кейін Грузиямен ойында гол салған «Ақтөбелік» шабуылшы Абат Айымбетов көзге түсіп, нысанаға дәл тигізді. Енді 5-6 орындарға тартыста қазақстандықтар бүгін Қырғызстанды 7:0 есебімен тас-талқан еткен Өзбекстан құрамасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×