Афеллай “Барселона” сапына қосылды

27.12.2010, 07:59
Афеллай “Барселона” сапына қосылды
Голландия құрамасының жартылай қорғаушысы Ибрахим Афеллай Барселонамен төрт жарым жылдық келісім шартқа отырды. Каталониялық клуб Афеллайды «ПСВ Эйндховен» клубынан 3 миллион евроға сатып алды. 24 жасар Афеллайдың Испанияға көшуі қараша айында белгілі болды. ПСВ сапында жас жартылай қорғаушы төрт рет чемпион атанды, сондай-ақ 2007-ші жылдан бері Голландия құрамасында 31 матч өткізіп, екі гол соқты. Ұлттық командамен бірге өткен әлем чемпионатында күміс алқаны қанжығасына байлады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×