Футболға жанкүйерлік - жыныс таңдамайды

27.12.2010, 06:27
Футболға жанкүйерлік - жыныс таңдамайды
Жасырып қайтеміз, біз, қазақтар көбіне «Қыздың жолы жіңішке», «Байтал шауып бәйге алмас» деп етектілерден көп нәрсе күтпей, тек оларды асхананың ғана айналасынан көргіміз келеді. Түркияда да негізгі көзқарас осындай деуге болады. Еркектері ғана тыста қызмет атқарып, әйелдері көп жағдайда үйде ерінің жағдайын жасап, бала тарбиесімен айналысады.  Бірақ оларда футболға жанкүйерлік жыныс таңдап жатпайды. Араларынан еркекке бергісіз әйел фанаттар да табылады.   Командаларын сүйетіні сонша, бүкіл матчтарын жібермейді. “Галатасарайдың” әйел фанаттарының бірі Диляра Ендіжан бір продюсерлік орталықта қызмет  атқарады.  Матчта өз командасының намысын жыртам деп ылғи дене жарақатын алғанына қарамастан командасына жақтасуын қоймайды. «Өздігімнен ешкімді балағаттамаймын алайда біреу менің командама тіл тигізсе шыдап тұра алмаймын. Бірден “орнына қоямын”. Бұрындары әйел жанкүйерлер аз-ды. Қазір олардың саны артты. Жанкүйерлерді әйел, еркек деп айырмаймын асылында», дейді ол. “Фенербахче” командасындағы жанкүйер әйел дегеніңде еске бірден Ясмин Мерчиль туседі.  Ол бір мекемеде адвокаттық қызмет атқарады. "Фенербахче" ойындарының 1995 жылдан бергі тұтқыны.  “Сары-қою көктер ("Фенербахче" командасынын түсі) коғамын” кұрушылардың бірі. Ұйымда, әлбетте, бөріктілер көбірек.  Мерчиль бұл үш жүз кісілік ұйымда өзін үш жүз бауыры бар секілді сезінетінін айтады. Бастабында маған сұлулық объектісі секілді қарап, сөзімді маңызға алмай, жай ғана күлімсіреп, жүре тыңдайтын еді. Казір қай-қайсысы да менің пікіріммен санасады дейді.  "Фенербахче" Мерчильдің өмірінің ең маңызды бөлігі деуге болады. Барлық шопингтерін "Фенербахчеге" қатысы бар сауда орталықтарынан жасайтын көрінеді. Хатидже Айдын үй шаруашылығындағы ханым және "Бешікташтың" жанкүйерлерінің бірі. Өзі ғана емес, жолдасы мен он айлық қызы да аталмыш команданың жанкүйерлері. Хатидже Айдын командасының әр матчынан қалмайтынын айтады. Және қызын да жасыл алаңның дәмін біле берсін деген мақсатпен екі айлығынан бастап матчтарға апара бастапты.  Бұрындары футболдың бар-жоғынан хабарсыз болыпты. Бір рет жолдасымен футолға еріп барып, содан бері "Бешікташ" ойындарының тұрақты көрерменіне айналған көрінеді.

Ғалия Серікқызы, Түркиядан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×