Ағылшын Премьер-лигасының тарихындағы ең үздік ойыншы – Роналду

06.02.2015, 01:23
Ағылшын Премьер-лигасының тарихындағы ең үздік ойыншы – Роналду
Бүгін 30 жасқа толып жатқан атақты португалиялық футболшы Криштиану Роналду Англия Премьер-лигасы тарихындағы ең үздік ойыншы болып танылды. Мұндай жүлденің жеңімпазын жанкүйерлердің өздері таңдады. Алғашқы орынды Роналду үлкен сенімділікпен жеңіп алды. Криштину мұндай атақты ату барысында Тьерри Анри, Деннис Бергкамп, Райан Гиггз, Рой Кин, Алан Ширер, Патрик Виейра, Стивен Джерард, Эрик Контона, Джанфранко Дзолу секілді ойыншыларды артта қалдырған. Естеріңізге салсақ, әлемнің үш дүркін үздік ойыншысы «Манчестер Юнайтед» сапында үш рет Англия чемпионатын, бір реттен Англия Кубогын, Англия Суперкубогын, Чемпиондар лигасын және клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды. Сондай-ақ, екі мәрте Ағылшын лигасының  кубогында топ жарды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×