«Астана» «Бунедкордан» басым түсті

06.02.2015, 01:30
«Астана» «Бунедкордан» басым түсті
Ел чемпионы «Астана» өзбекстандық «Бунедкормен» жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы «Астана» ФК ресми сайты мәлімдеп отыр. Елордалықтар сапында алаңға даниялық жаңа ойыншысы Каспер Ларсен шыққан. Ал матчтағы жалғыз голдың авторы – Тоқтар Жанғылышбай. 86-шы минутта Дмитрий Шомконың пасынан кейін Қарағанды футбол мектебінің түлегі «Астанаға» жеңіс әкелді
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×