Ағылшын Примьер - Лигасы. 22 тур ойындарына шолу. Қаһарман – “қара маржан”

22.01.2014, 22:02
Ағылшын Примьер - Лигасы. 22 тур ойындарына шолу. Қаһарман – “қара маржан”
Өкінішке орай, “Челси-Манчестер Юнайтед” ойыны мамандар мен жанкүйерлер күткендей тартысты бола қойған жоқ. Қазірге таңдағы “Манчестер Юнайтед”, үштікпен таласа алмайды. Алғашқы он бес минутта “Челсимен” тең дәрежеде ойнағанымен, одан кейін алаңда бір-ақ команда,”Челси” болды. Матч қаһарманы-камерундық Самуэль  Это'О.  Дэвид Мойес шәкірттерінің қақпасына 3 гол тоғытты. Эрнандес екінші таймда бір гол соққанымен, одан артыққа қонақтардың күші жетпеді.Бұл “ақсүйектердің” сенімді жеңісі. 19 қаңтар. Лондон. Стадион "Стэмфорд Бридж". 41615көрермен. Төреші - Фил Дауд (Стэффордшир). ЧЕЛСИ - МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД - 3:1 (2:0) Это'О, 17 (1:0). Это'О, 45 (2:0). Это'О, 49 (3:0). Эрнандес, 78 (3:1). Челси - Манчестер Юнайтед Петр Чех  Давид Де Хеа Бранислав Иванович  Рафаэл Джон Терри  Неманья Видич Гари Кэхилл  Джонни Эванс Сесар Аспиликуэта  Патрис Эвра, 51 Давид Луис  Фил Джонс Рамирес  Майкл Кэррик Виллиан, 86  Антонио Валенсия Оскар, 68  Аднан Янузай Эден Азар  Эшли Янг, 56 Самуэль Это'О, 79  Дэнни Уэлбек Ойын барысында алаңға шыққандар Джон Оби Микел, 68  Крис Смоллинг, 51 Фернандо Торрес, 79  Хавьер Эрнандес, 56 Неманья Матич, 86 Ескертулер Давид Луис, 19  Эшли Янг, 35 Антонио Валенсия, 55 Рафаэл, 90+5 Неманья Видич, 90+2 Маусым басында Пеллегринидің, “мен Манчестер Ситиге биік шыңдарды бағындыру үшін, тіпті біз қатысатын барлық турнирлерді жеңу үшін келдім”- деген сөзіне мысқылдай қарағаны бар, кейбір мамандардың. Ал, қазір команданың қарқынына қарап ол мамандар өкініп жатқан да шығар. “Қалалықтар” өздері қатысып жатқан 4 турнирде де жарыс жолын тоқтатқан жоқ. Чемпионатта көшбасындағы “Арсеналдан” 1 ұпай ғана артта, демек алтынға таласуда, Лига кубогінде “Вест Хэмді” жермен-жексен етіп финалда десек те болады, Англия кубогінде де қарсылас шақ келтірмеуде, Чемпиондар Лигасында “Барселонамен” кездеседі плей-оффта. Ал, чемпионаттың 22-ші турында өз алаңында, аутсайдерлердің бірі “Кардифф Ситиді” қабылдады. Естеріңізде болса, осы командадан бірінші айналымда Пеллегрини шәкірттері қонақта жеңілген болатын. Бүгін есе қайтаратын күн туды. Есе қайтарды. 4-2 есебімен басым түсті қалалықтар. Мүмкін есепке қарап, тартысты ойын болған екен деп ойларсыз сіз... Қателесесіз! Ойыннан басынан қарсыластың айып алаңының айналасында шыр көбелектей айналған “Манчестер Сити” 14-ші минутта Джеко голынан кейін есеп ашты. Осыдан кейін есепті еселейтін, тіпті 3-0 ге жеткізетін мүмкіндіктері болды Пеллегрини шәкірттерінің. Осы кезде, “сен салмасаң саған салады” деген жазылмаған футбол заңы тағы да өз дегенін жасады. Ойындағы бірінші шабуылдарында қонақтар Нуна салған голдың арқасында есепті теңестірді. 1:1. Қонақтардың қуаныштары көпке созылмай, 3 минуттан соң Хесус Навас алаң қожайыңдарың матчта екінші рет алға шығарды. 2-1. Есеңгіреген қарсыласты таптай түсіп, ойын тағдырын бірінші таймда-ақ шешуге тырысқан “Манчестер Сити” шабуылдар жасағанымен еш нәтижесіз. Екінші бөліктің 62-ші минутында, ойында көзге түсе алмаған Негредо орнына, жақында ғана жарақатынан айыққан Агуэро шықты. Агуэро пасынан кейін Туре есепті еселесе, кейін аргентиналықтың өзі де алаңнан голсыз кетуді қаламаған болуы керек, гол авторы атанып есепті 4-1 ге жеткізді. Төреші қосқан уақытта, қонақтар шабуылшысы Кэмпбелл, Харт қақпасын дәл көздеп матч нүктесін қойды. Біз, кезекті рет “Сити” орындауындағы голдар шеруінің, әдемі ойынның куәсі болдық. 18 қаңтар. Манчестер. Стадион "Этихад". 47213 көрермен. Төреші - Нил Сварбрик (Ланкашир). МАНЧЕСТЕР СИТИ - КАРДИФФ СИТИ - 4:2 (2:1) Джеко, 14 (1:0). Нун, 30 (1:1). Хесус Навас, 33 (2:1). Туре, 76 (3:1). Агуэро, 79 (4:1). Кэмпбелл, 90+3 (4:2). Манчестер Сити Кардифф Сити Джо Харт  Дэвид Маршалл Пабло Сабалета  Кевин Теофиль-Катрин Венсан Компани  Стивен Кокер Мартин Демичелис  Бен Тернер Александар Коларов  Кевин Макнотон, 68 Хави Гарсия  Гари Медель Яя Туре  Джордан Мутч Давид Сильва, 80  Арон Гуннарссон, 78 Хесус Навас, 82  Крейг Нун Эдин Джеко  Питер Уиттингем, 68 Альваро Негредо, 62  Фрейзер Кэмпбелл Ойын барысында алаңға шыққандар Серхио Агуэро, 62  Деклан Джон, 68 Джеймс Милнер, 80  Крейг Беллами, 68 Гаэль Клиши, 82  Магнус Эйкрем, 78 Ескертулер Альваро Негредо, 18 Александар Коларов, 74 Лондондық дерби. Көшбасшы “Арсенал” үшін, “Фулхэмға” қарсы ойын көбі күткендей оңай бола қойған жоқ. “Фулхэм” бірінші таймда қорғаныста мығым ойнап, бірнеше қарсы шабуылдар жасады. Ал Венгер шәкірттерінің еншісінде үзіліске дейін есте қаларлық 2-3 шабуыл, ол да нәтижесіз. Матч тағдырын шешкен екінші таймның бірінші жартысы болды. Үзілістен шығып шабуылдарын үдеткен “Арсенал” 5 минут ішінде Стекеленбург қорғаған қақпаға Санти Касорла 2 гол тоғытып, матч аяғына дейін сенімді ойнап Примьер-Лигадағы қатарынан 5-ші жеңісіне қол жеткізіп, көшбасшылық орнын сақтап қалды. 18 қаңтар. Лондон. Стадион "Эмирейтс". 60000 көрермен. Төреші - Ли Проберт (Уилтшир). АРСЕНАЛ - ФУЛХЭМ - 2:0 (0:0) Санти Касорла, 57 (1:0). Санти Касорла, 62 (2:0). Арсенал Фулхэм Войцех Щесны  Мартен Стекеленбург Бакари Санья  Саша Ритер Пер Мертесакер  Бреде Хангеланд Лоран Косельни  Дэн Берн Начо Монреаль  Киран Ричардсон Матье Фламини  Скотт Паркер Джек Уилшир  Стив Сидуэлл Серж Гнабри, 71  Ашкан Дежага, 68 Месут Озил, 86  Клинт Дэмпси Санти Касорла  Александр Качаниклич, 86 Оливье Жиру  Димитар Бербатов Ойын барысында алаңға шыққандар Лукас Подольски, 71  Даррен Бент, 68 Алекс Чемберлен, 86  Пайтим Касами, 86 “Ливерпуль” ұпай жоғалтты. Бір қарағанда, “Астон Вилла” мен болатын ойында, қызылдар 3 ұпайды оңай еншілейтіндей болып көрінген. Бірақ, соңғы кездері Роджерс шәкірттерінің, бұл командамен “Энфилд” стадионында жолдары болмай жүр. Өткен маусымда жеңіліс, бүгін міне, жеңіліске татырлық тең нәтиже. Шыны керек, “Ливерпуль” өз алаңында аянып қалған жоқ. Сансыз шабуылдар жасады. Старридж бен Джеррардтың пенальтиден салған голдарынан басқа доп қақпаға дарымай-ақ қойды. Біресе, қақпа бағанасы, біресе, қорғаушылар соңғы кезде тосқауыл болып үлгереді, біресе қарсыластың қорғаушыларының айып алаңында қолмен ойнағанын бас қазы көрмей қалады. Жеңіліске татырлық тең нәтиже дегенім, көшбасшылар “Ливерпульден” ұзап барады. “МС” мен “Арсенал” 3 ұпайларын еншіледі. Бұлай тағы жалғасса, Роджерс шәкірттері алтын түгіл, төрттікке таласудың өзі қиын болмақ. Өз ойынын, дүйсенбі күні “Вест Бромвичке” қарсы өткізетін “Эвертон”, “Ливерпульді” қазіргі 4-ші орнынан сырғытуы мүмкін. 18 қағтар. Ливерпуль. Стадион "Энфилд". 44737 көрермен. Төреші - Джонатан Мосс (Йоркшир). ЛИВЕРПУЛЬ - АСТОН ВИЛЛА - 2:2 (1:2) Вайманн, 25 (0:1). Бентеке, 36 (0:2). Старридж, 45+2 (1:2). Джеррард, 53-с пенальти (2:2). Ливерпуль Астон Вилла Симон Миньоле  Брэд Гузан Глен Джонсон  Леандро Бакуна Коло Туре  Рон Влаар Мартин Шкртел  Киран Кларк Али Сиссоко  Райан Бертран, 81 Стивен Джеррард  Фабиан Дельф Джордан Хендерсон  Эшли Вествуд Филиппе Коутиньо, 46  Карим Эль-Ахмади, 62 Рахим Стерлинг  Андреас Вайманн Луис Суарес  Кристиан Бентеке Даниэль Старридж  Габриэль Агбонлахор, 49 Ойын барысында алаңға шыққандар Лукас, 46; 66  Грант Холт, 49 Джо Аллен, 66  Якуба Силла, 62 Антонио Луна, 81 Ескертулер Киран Кларк, 16 Карим Эль-Ахмади, 21 Райан Бертран, 48 Леандро Бакуна, 88 Ағылшын Примьер-Лигасының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Сандерленд-Саутгемптон-2:2 Голдар: Родригес, 4(1:0). Ловрен, 31(2:0). Борини, 32(2:1). Джонсон, 71(2:2) Кристал Пэлас-Сток Сити-1:0 Гол: Панчон, 51(1:0) Норвич-Халл Сити-1:0 Гол: Беннетт, 87(1:0) Вест Хэм-Ньюкасл-1:3 Голдар: Кабай, 16(0:1). Реми, 33(0:2). Уилльямсон, 45+2 өз қақпасына(1:2). Кабай, 90+5(1:3) Суонси-Тоттенхэм-1:3 Голдар: Адебайор, 35(0:1). Чико, 54 өз қақпасына(0:2). Адейбайор, 71(0:3). Бони, 78(1:3) Вест Бромвич-Эвертон-1:1 Голдар: Миральяс, 41(0:1). Лугано, 75(1:1) М  Клуб О Ж Т Ж Д-а Ұпай 1  АРСЕНАЛ 22 16 3 3 43-19 51 2  МАНЧЕСТЕР СИТИ 22 16 2 4 63-25 50 3  ЧЕЛСИ 22 15 4 3 43-20 49 4  ЛИВЕРПУЛЬ 22 13 4 5 53-28 43 5  ТОТТЕНХЭМ 22 13 4 5 29-26 43 6  ЭВЕРТОН 22 11 9 2 35-20 42 7  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 22 11 4 7 36-27 37 8  НЬЮКАСЛ 22 11 3 8 32-28 36 9  САУТГЕМПТОН 22 8 7 7 29-25 31 10  АСТОН ВИЛЛА 22 6 6 10 22-29 24 11  ХАЛЛ СИТИ 22 6 5 11 22-28 23 12  НОРВИЧ 22 6 5 11 18-35 23 13  ВЕСТ БРОМВИЧ 22 4 10 8 24-29 22 14  СТОК СИТИ 22 5 7 10 22-36 22 15  СУОНСИ 22 5 6 11 27-33 21 16  КРИСТАЛ ПЭЛАС 22 6 2 14 14-31 20 17  ФУЛХЭМ 22 6 1 15 22-48 19 18  ВЕСТ ХЭМ 22 4 6 12 22-33 18 19  САНДЕРЛЕНД 22 4 6 12 21-36 18 20  КАРДИФФ СИТИ 22 4 6 12 17-38 18     Дайындаған : Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×