Ағылшын Примьер-Лигасы. "Алтын матчтағы" алтынға пара-пар жеңіс

14.04.2014, 05:25
Ағылшын Примьер-Лигасы. "Алтын матчтағы" алтынға пара-пар жеңіс
Бәске бәрі тігілген алтын матч Тұманды Альбионда болмақ. 24 жыл бойы чемпиондық дәмін татпаған "Ливерпуль" өз алаңында басты қарсыласы "Манчестер Ситиді" қабылдайды. Негізі "Ливерпульдің" бұл маусымдағы жолы бір қызық. Команда маусымды, тіпті Чемпиондар Лигасының орнына таласар командалар арасында аутсайдер санатында бастады. Маусым ортасына қарай Чемпиондар Лигасына жолдама берер орындардан бір-ақ шықты. Енді, міне күтпеген жерден чемпиондыққа таласып жатыр. Өзге үшін күтпеген жай болса да, өздерінің еңбегі ғой, неге таласпасқа? Наурыз айының аяқ жағында, 12-14 сәуір күндері Англияда өтетін бүкіл футбол матчтары 7 минут кеш басталып, онымен қоса ойындар алдында 1 минуттық үнсіздік жариялансын деп шешім қабылданған болатын. Себеп жоқ емес. 1989-шы жылы 15-ші сәуіп күні, Шеффилд шаһарындағы "Хилсбро" стадионында жанкүйерлер арасындағы қақтығыс кезіңде, 96 адам дүниеден озып, спорт тарихындағы ең үлкен трагедия орын алғантұғын. Орталық матч та үнсіздікпен басталды. Күтілген жағдай орын алды ойын басында. "Ливерпуль" "қалалықтарды" тығырыққа тіреді, жоғары прессинг, әдемі комбинациялар, үздіксіз шабулылдардың нәтижесі жылдам голға алып келді. 6-ші минутта Суарестың пасын ұтымды пайдаланған Стерлинг есеп ашып, "Энфилд" стадионын қуанышқа бөледі. Тайм ортасында, топ-клубтарға гол салуды жаны сүйетін қорғаушы Шкртел есепті еселеді. Бірінші бөлік осылай аяқталды. Толықтай "Ливерпульдың" басымдылығы. Екінші тайм басталысымен "Ливерпульдың" қорғанысы сыр бере бастады. Жиі-жиі қателіктерінің нәтижесі "қалалықтардың" 5 минут ішінде тоғытқан екі голына алып келді. Есеп теңескеннен кейін, ойын үш нәтижеге жүрді. Тең аяқталуы мүмкін, немесе белгілі бір сәтте бір команданың қателігі екінші команданың жеңісіне алып келуі мүмкін еді. Сәттілік "Ливерпульге" күле қарады. Манчестерліктердің капитаны, Компанидің жоқ жерден қателігінен кейін, Коутиью Хартты қапыда қалдырып, жеңісті команда қанжығасына байлады. Мүмкін, бұл алтын гол болар, кім біледі? Ойын басталған кезде, чемпиондық тағдыры Манчестер Сити қолында болса, енді Ливерпуль қолында. Бұл да бір үлкен психологиялық қысым. Роджерс шәкірттері қысымда қысылып қалмай ма оны уақыт көрсетеді.

13 сәуір. Ливерпуль. Стадион "Энфилд". 44601 көрермен. Төреші - Марк Клаттенбург (Ньюкасл-апон-Тайн).

ЛИВЕРПУЛЬ - МАНЧЕСТЕР СИТИ - 3:2 (2:0)
 Стерлинг, 6 (1:0). Шкртел, 26 (2:0). Давид Сильва, 57 (2:1). Джонсон, 62 - өз қақпасына (2:2). Коутиньо, 78 (3:2).
Ливерпуль Манчестер Сити
 Симон Миньоле  Джо Харт
 Глен Джонсон  Пабло Сабалета
 Мартин Шкртел  Венсан Компани
 Мамаду Сако  Мартин Демичелис
 Джон Флэнэган  Гаэль Клиши
 Стивен Джеррард  Фернандиньо
 Джордан Хендерсон  Яя Туре, 19
 Филиппе Коутиньо, 89  Хесус Навас, 50
 Рахим Стерлинг, 90+5  Самир Насри
 Луис Суарес  Давид Сильва
 Даниэль Старридж, 66  Эдин Джеко, 68
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Джо Аллен, 66  Хави Гарсия, 19
 Виктор Мозес, 89  Джеймс Милнер, 50
 Лукас, 90+5  Серхио Агуэро, 68

Ескертулер:

 Луис Суарес, 5  Хави Гарсия, 21
   Фернандиньо, 45+1
   Пабло Сабалета, 78
 Джордан Хендерсон, 90+3(қызыл қағаз)  

 

Англияның Чемпиондар Лигасындағы бетке ұстар командасы "Челси", қонаққа "Суонсиге" барды. Ешкімге де оңайға соқпайтын стадионда ақсүйектер жеңісті жұлып әкетті. Әрине, бүкіл матчқа жуық уақыт бір адамға артық ойнамағанда жеңіс түгіл, тең нәтижені еншілеудің өзі қиыннын қиыны болар еді. "Ливерпульмен" арадғы ұпай санын екеуге қысқартып қана қоймай, "Манчестер Ситиден" біразға ұзады.

13 сәуір. Суонси. Стадион "Либерти". 20761 көрермен. Төреші - Фил Дауд (Стэффордшир).

СУОНСИ - ЧЕЛСИ - 0:1 (0:0)
 Ба, 68 (0:1).
Суонси Челси
 Мишел Ворм  Петр Чех
 Анхель Ранхель  Бранислав Иванович
 Чико  Гари Кэхилл
 Эшли Уиллиамс  Джон Терри
 Бен Дэйвис  Сесар Аспиликуэта
 Леон Бриттон, 86  Неманья Матич
 Джонджо Шелви  Рамирес, 46
 Нэтан Дайер, 73  Мохамед Салах
 Уэйн Раутледж  Виллиан
 Пабло, 19  Андре Шюррле, 46
 Вилфрид Бони  Демба Ба, 79
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Хорди Амат, 19  Оскар, 46
 Давид Нгог, 73  Самуэль Это'О, 46
 Джонатан Де Гузман, 86  Джон Оби Микел, 79

Ескертулер:

 Чико, 14  Андре Шюррле, 45
 Чико, 16(қызыл қағаз)  Джон Оби Микел, 86

 

Ағылшын Примьер-Лигасының 34-ші турының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар; Кристал Пэлас-Астон Вилла-1:0 Гол: Панчон, 76(1:0) Фулхэм-Норвич-1:0 Гол: Родальега, 40(1:0) Саутгемптон-Кардифф Сити-0:1 Гол: Кала, 65(0:1). Сток Сити-Ньюкасл-1:0 Гол: Питерс, 42(1:0) Вест Бромвич-Тоттенхэм-3:3 Голдар: Выдра, 1(1:0). Брант, 4(2:0). Сессеньон, 33(3:0). Ольссон, 34(3:1, өз қақпасына). Кэйн, 70(3:2). Эриксен, 90+4(3:3). 

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  ЛИВЕРПУЛЬ 34 24 5 5 93-42 77
2  ЧЕЛСИ 34 23 6 5 66-24 75
3  МАНЧЕСТЕР СИТИ 32 22 4 6 86-32 70
4  ЭВЕРТОН 33 19 9 5 53-31 66
5  АРСЕНАЛ 33 19 7 7 56-40 64
6  ТОТТЕНХЭМ 34 18 6 10 48-48 60
7  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 33 17 6 10 56-38 57
8  САУТГЕМПТОН 34 13 9 12 50-45 48
9  НЬЮКАСЛ 34 14 4 16 38-52 46
10  СТОК СИТИ 34 11 10 13 38-48 43
11  ВЕСТ ХЭМ 33 10 7 16 37-44 37
12  КРИСТАЛ ПЭЛАС 33 11 4 18 24-39 37
13  ХАЛЛ СИТИ 33 10 6 17 34-40 36
14  АСТОН ВИЛЛА 33 9 7 17 35-49 34
15  СУОНСИ 34 8 9 17 45-50 33
16  ВЕСТ БРОМВИЧ 33 6 15 12 40-51 33
17  НОРВИЧ 34 8 8 18 26-53 32
18  ФУЛХЭМ 34 9 3 22 34-74 30
19  КАРДИФФ СИТИ 34 7 8 19 30-64 29
20  САНДЕРЛЕНД 32 6 7 19 29-54 25

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×