Ағылшын Примьер-Лигасы. "Арсенал" нокаутта

07.04.2014, 06:25
Ағылшын Примьер-Лигасы. "Арсенал" нокаутта
2014-ші жылы "Арсеналды" кім ойсыратпады десеңізші? "Ливерпуль", "Челси", енді бүгін кезек "Эвертонға" келді.  Осы маусымдағы "Арсеналға" қарап, жылтырағанның бәрі-алтын емес екенін еріксіз мойындайсын. Маусым қалай басталып еді? Сенімді көш бастады, алтынға фаворит саналды, тұрақты ойын өрнегін көрсетті. Белгілі бір уақытқа дейін. Алтын деп ойлағанымыз, алтын болмай шықты. "Арсенал", сол баяғы "Арсенал" екен. Дәл бүгінгі жеңілістен кейін, алтын түгіл төрттіктегі орнын сақтап қалу мұң. Дәл осы "Эвертон", "Арсеналдан' бір ойын кем өткізген, егер жеңіске жетіп жатса "зеңбірекшілерді" төртінші орыннан сырғытпақ. Жауапты кезде келді де сүрінді.

6 сәуір. Ливерпуль. Стадион "Гудисон Парк". 39504 көрермен. Төреші - Мартин Аткинсон (Лидс).

ЭВЕРТОН - АРСЕНАЛ - 3:0 (2:0)
 Нейсмит, 14 (1:0). Лукаку, 34 (2:0). Артета, 61 - өз қақпасына (3:0).
Эвертон Арсенал
 Тим Ховард  Войцех Щесны
 Симус Коулмен  Бакари Санья
 Джон Стоунс  Пер Мертесакер
 Сильвен Дистен  Томас Вермален
 Лейтон Бэйнс  Начо Монреаль
 Джеймс Маккарти  Матье Фламини, 66
 Гарет Бэрри  Микель Артета
 Стивен Нейсмит, 81  Томаш Росицки
 Леон Осман, 9  Санти Касорла
 Кевин Миральяс  Лукас Подольски, 66
 Ромелу Лукаку, 86  Оливье Жиру, 71
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Росс Баркли, 9  Аарон Рэмси, 66
 Эйден Макгиди, 81  Алекс Чемберлен, 66
 Херард Делофеу, 86  Яя Саного, 71

Ескертулер:

 Леон Осман, 7  Матье Фламини, 44
   Микель Артета, 90

 

Көш басында "Ливерпуль" өз орнын сақтап тұр. Кезекті турда Роджерс баптайтын жігіттер қонаққа, "Вест Хэмға" барған болатын. "Вест Хэм" стадионында кімге болсын оңай соқпасы анық. Алпауыттарды сүріндіруге құмар, оларды сүйетін ұжым. Бүгін де, "Ливерпуль" үшін оңай соққан жоқ. Бірінші таймның соңында Стиви Джи пенальтиден есеп ашып, үзіліске "қызылдар" бір доп басымдылығымен кететіндей көрінгенімен, алаң иелері сапынан жауап табыла кетті. Мейлі, төрешілердің қателігінің арқасында болса да, есепті теңестірді. Екінші таймда капитан каптиандығын танытып, "қызылдарды" тағы да алға шығарды. Ойын соңына дейін, "Вест Хэм" есепті теңестіруге қанша тырысқанымен, пайда шыққан жоқ. "Ливерпуль" өздері үшін маусымдағы ең маңызды ойын алдында жеңіске жетті. Маңыздысы сол, келесі турда "Манчестер Ситиді" өз алаңында қабылдамақ. Чемпиондлық тағдыры да сол ойында шешілетін болуы керек.

6 сәуір. Лондон. Стадион "Болейн Граунд". 34977 көрермен. Төреші- Энтони Тейлор (Манчестер).

ВЕСТ ХЭМ - ЛИВЕРПУЛЬ - 1:2 (1:1)
 Джеррард, 44 -пенальтиден (0:1). Демель, 45+2 (1:1). Джеррард, 71 -пенальтиден (1:2).
Вест Хэм Ливерпуль
 Адриан  Симон Миньоле
 Ги Демель  Глен Джонсон
 Джеймс Томкинс  Мартин Шкртел
 Уинстон Рид  Мамаду Сако
 Пабло Армеро  Джон Флэнэган
 Мэтью Тейлор, 78  Стивен Джеррард
 Марк Ноубл  Джордан Хендерсон
 Мохамед Диаме, 84  Филиппе Коутиньо, 46
 Стюарт Даунинг  Рахим Стерлинг
 Кевин Нолан, 68  Даниэль Старридж, 85
 Эндрю Кэрролл  Луис Суарес
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Антонио Ночерино, 68  Лукас, 46
 Мэтт Джервис, 78  Коло Туре, 85
 Карлтон Коул, 84  

Ескертулер:

 Джеймс Томкинс, 43  
 Адриан, 70  
 Антонио Ночерино, 80  
 Пабло Армеро, 85  

 

Бірде жеңіп, бірде жеңілетін "Челси" де жеңіске жетті. Моуриньо командасының көңіл-күйі көтеріңкі деуге келмейді. Чемпионатта "Кристал Пэластан" жеңілді, апта ортасында Франциядан да 1-3 есебімен жеңіліп қайтты. Қарымта кездесуі Лондонда өткізсе де, "Челси" үшін 2 гол дефициттің орнын толтыру қиынның қиыны болмақ. "ПСЖ" оңай шағылатын жаңғақ емес. "Челсиге" "Сток Сити" айтарлықтай қарсылық таныта қойған жоқ. Не дегенмен қонақтағы "Челси" мен, "Стэмфорд  Бриджтағы" команда екі түрлі.

5 сәуір. Лондон. Стадион "Стэмфорд Бридж". 41168 көрермен. Төреші - Ли Проберт (Уилтшир).

ЧЕЛСИ - СТОК СИТИ - 3:0 (1:0)
 Салах, 32 (1:0). Лэмпард, 61 (2:0). Виллиан, 72 (3:0).
 Лэмпард, 61 (қақпашы).
Челси Сток Сити
 Петр Чех  Асмир Бегович
 Бранислав Иванович  Джефф Камерон, 46
 Гари Кэхилл  Марк Уилсон
 Джон Терри  Райан Шоукросс
 Сесар Аспиликуэта  Эрик Питерс
 Неманья Матич  Гленн Уилан
 Фрэнк Лэмпард, 70  Стивен Н'Зонзи
 Виллиан, 78  Уилсон Паласиос, 46
 Андре Шюррле, 59  Марко Арнаутович
 Мохамед Салах  Питер Одемвингие
 Фернандо Торрес  Питер Крауч, 78
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Эден Азар, 59  Энди Уилкинсон, 46
 Давид Луис, 70  Чарли Адам, 46
 Эшли Коул, 78  Джонатан Уолтерс, 78

 

 

Маусымдағы шешу ойынның алдында "Манчестер Сити" де жеңіс тойын тойлады. "Саутгемптонды" қаншалықты қайсар ұжым десек те, бүгін "қалалықтардың" мықтылығын мойындады. "Манчестер Ситидің" 4 голын да, 4 түрлі ойыншы салды. Почеттино шәкірттері сапынан Ламберт көзге түсті. Сонымен, келесі турдың, тіпті маусымның орталық матчы десек артықтық етпес, "Ливерпуль"-"Манчестер Сити". Англия, тіпті, бүкіл әлем тағатсыздана күтпек.

5 сәуір. Манчестер. Стадион "Этихад". 47009 көрермен. Төреші- Крис Фой (Мерсисайд).

МАНЧЕСТЕР СИТИ - САУТГЕМПТОН - 4:1 (3:1)
 Туре, 3 - пенальтиден(1:0). Ламберт, 37 - пенальтиден (1:1). Насри, 45+1 (2:1). Джеко, 45+4 (3:1). Йоветич, 81 (4:1).
Манчестер Сити Саутгемптон
 Джо Харт  Пауло Гассанига
 Пабло Сабалета  Калум Чамберс
 Венсан Компани  Деян Ловрен
 Мартин Демичелис  Жозе Фонте
 Александар Коларов  Люк Шоу
 Фернандиньо, 46  Морган Шнайдерлен
 Яя Туре  Джек Корк, 80
 Самир Насри  Стивен Дэвис, 75
 Давид Сильва, 77  Адам Лаллана
 Хесус Навас  Джей Родригес, 27
 Эдин Джеко, 65  Рикки Ламберт
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Хави Гарсия, 46  Джеймс Уорд-Праус, 27
 Альваро Негредо, 65  Сэм Галлахер, 75
 Стеван Йоветич, 77  Виктор Ваньяма, 80

Ескертулер:

 Фернандиньо, 44  
 Хави Гарсия, 68  
 Яя Туре, 78  
"Манчестер Юнайтедті" соңғы 3 ойын көлемінде, жанкүйер қауым 20 жылдай көз үйренген "Манчестер Юнайтедті"  көрген болуы керек. Көз тимесін дейік. Білгенінен жаңылмасын. Ұлының ұлылығы көз алдымызда шыңырауға кетіп бара жатса несі жақсы? Егер, апта ортасында "қызыл сойқандар" "Баварияны" тізе бүкітіріп жатса, бүкіл әлем "Манчестер Юнайтедті" алақанында тербетпек. "Ньюкаслмен" ойында команданың сөзсіз лидерлері, Руни мен ван Персисіз-ақ тас-талқан етті.

5 сәуір. Ньюкасл. Стадион "Спортс Директ Арена". 52081 көрермен. 

Төреші - Кевин Френд (Лестершир).

НЬЮКАСЛ - МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД - 0:4 (0:1)
 Мата, 39 (0:1). Мата, 50 (0:2). Эрнандес, 64 (0:3). Янузай, 90+3 (0:4).
Ньюкасл Манчестер Юнайтед
 Роберт Эллиот  Андерс Линдегорд
 Давиде Сантон  Антонио Валенсия
 Майк Уилльямсон  Крис Смоллинг
 Фабрисио Колоччини  Фил Джонс
 Массадио Айдара  Патрис Эвра, 64
 Дэн Гослинг  Даррен Флетчер
 Шейк Тиоте  Маруан Феллаини, 70
 Вурнон Анита  Эшли Янг, 18
 Йоан Гуффран, 85  Хуан Мата
 Люк де Йонг, 61  Синдзи Кагава
 Паписс Сиссе  Хавьер Эрнандес
Ойын барысында алаңға шыққандар :
 Хатем Бен Арфа, 61  Аднан Янузай, 18
 Шола Амеоби, 85  Александр Бюттнер, 64
   Луиш Нани, 70

Ескерту:

 Шейк Тиоте, 52  

 

Ағылшын Примьер-Лигасының, 32-ші турының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар; Астон Вилла-Фулхэм-1:2 Голдар: Ричардсон, 61 (0:1). Холт, 70 (1:1). Родальега, 86 (1:2). Кардифф Сити-Кристал Пэлас-0:3 Голдар: Панчон, 31 (0:1). Ледли, 71 (0:2). Панчон, 88 (0:3). Норвич-Вест Бромвич-0:1 Гол: Амальфитано, 16 (0:1). Халл Сити-Суонси-1:0 Гол:  Бойд, 39 (1:0).

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  ЛИВЕРПУЛЬ 33 23 5 5 90-40 74
2  ЧЕЛСИ 33 22 6 5 65-24 72
3  МАНЧЕСТЕР СИТИ 31 22 4 5 84-29 70
4  АРСЕНАЛ 33 19 7 7 56-40 64
5  ЭВЕРТОН 32 18 9 5 52-31 63
6  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 33 17 6 10 56-38 57
7  ТОТТЕНХЭМ 32 17 5 10 40-44 56
8  САУТГЕМПТОН 33 13 9 11 50-44 48
9  НЬЮКАСЛ 33 14 4 15 38-51 46
10  СТОК СИТИ 33 10 10 13 37-48 40
11  ВЕСТ ХЭМ 33 10 7 16 37-44 37
12  ХАЛЛ СИТИ 33 10 6 17 34-40 36
13  АСТОН ВИЛЛА 32 9 7 16 35-48 34
14  КРИСТАЛ ПЭЛАС 32 10 4 18 23-39 34
15  СУОНСИ 33 8 9 16 45-49 33
16  ВЕСТ БРОМВИЧ 32 6 14 12 37-48 32
17  НОРВИЧ 33 8 8 17 26-52 32
18  ФУЛХЭМ 33 8 3 22 33-74 27
19  КАРДИФФ СИТИ 33 6 8 19 29-64 26
20  САНДЕРЛЕНД 30 6 7 17 28-48 25

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×