Ағылшын Примьер-Лигасы. "Ливерпуль" екінші орында

03.03.2014, 14:55
Ағылшын Примьер-Лигасы. "Ливерпуль" екінші орында

 

"Бавариядан" өз алаңында жеңілгеннен кейін, Чемпиондар Лигасында үміт аз екенін, бар күшін ішкі біріншілікке сарпығаны дұрыс екенін Арсен Венгер жақсы түсінеді. Чемпионатта көшбасшы "Челсиден" бір-ақ ұпай қалып келеді. Примьер-Лиганын кезекті турында "Арсенал", қонаққа "Британиа" стадионына 3 ұпайдың артынан барары анық  Бірақ, қарсылас, әсіресе өз алаңында өте қайсар команда. Мейлі, турнир кестесінін қай жерінде тұрса да, өз алаңында алпауыттармен қасық қаны қалғанша шайқасатыны бар. Статистика да соны сайрайды. Соңғы 7 жыл ішінде "Арсенал", тек бір мәрте жеңіске қол жеткізген дәл осы алаңда. "Зеңбірекшілер" үшін бұл сәтсіздік бүгін де жалғасын тапты. "Сток Сити" сан соқтырды Арсен Венгер шәкірттерін. Заңды жеңіске қол жеткізді. Егер, бірінші таймды екі команда да сылбыр өткізсе, екінші бөлікте ортасына дейін алаң иелері бірнеше шабуылдар ұйымдастырып, одан нәтиже шығара білді. Осыдан кейін, "Арсенал" есепті теңестіруге ұмтылғанымен, бәрі кеш еді. Бұл ойында олар өздері үшін жеңістің ауадай қажет екені естеріне тек, гол өткізгесін түскен болу керек. Енді, "зеңбірекшілердің" жағдайы қиын. "Челсиді" 4 ұпайға ұзатып қана қоймай, "Ливерпуль" де "Арсеналды" қуып жетті. Тіпті,үштіктегі ұжымдардан екі ойын кем өткізген "Манчестер Ситидің" өзі, Арсен Венгер командасын төртінші орынға сырғытуы мүмкін.

1 наурыз. Сток-он-Тренте. Стадион "Британниа". 26711 көрермен. Төреші - Майкл Джонс (Честер).

СТОК СИТИ - АРСЕНАЛ - 1:0 (0:0)
 Уолтерс, 76 - пенальтиден (1:0).
Сток Сити Арсенал
 Асмир Бегович  Войцех Щесны
 Джефф Камерон  Бакари Санья
 Райан Шоукросс  Пер Мертесакер
 Марк Уилсон  Лоран Косельни
 Эрик Питерс  Киран Гиббс
 Стивен Н'Зонзи  Микель Артета
 Гленн Уилан  Джек Уилшир, 81
 Чарли Адам, 73  Томаш Росицки, 74
 Джонатан Уолтерс  Санти Касорла
 Марко Арнаутович, 88  Лукас Подольски, 67
 Питер Крауч  Оливье Жиру
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Стивен Айрлэнд, 73  Месут Озил, 67
 Мэтью Этерингтон, 88  Алекс Чемберлен, 74
   Яя Саного, 81

Ескертулер:

 Эрик Питерс, 44  Томаш Росицки, 53
 Марк Уилсон, 78  
 Питер Крауч, 90+5  

 

  Шегінерге жол жоқ. "Фулхэм" қазір кестенін ең соңғы орнында. Қалай болмасын ол орыннан шығуы керек. Сондықтан, бүгін қонаққа "Челси" келгенмен де, Жозе шәкірттері жеңіске жетеді деп болжау қиын. Онымен қоса, бұл-дерби. Мотивацияның жоғары болатыны анық. Бірінші тайм өте іш пыстырарлықтай шықты. Ал, екінші бөлік толықтай "Челсидің" басымдылығымен өтті. Үзілісте, өз футболшыларын португалиялық маман біраз қайраған болуы керек, екінші 45 минутта "Челси" қарсыластарын тас-талқан етті. Төрешінің ысқырығы естілісімен, Азардың әдемі пасынан кейін неміс Шюррле есеп ашты. Екінші голда да тура сол сценарий! Азардың пасы, Шюррленің голы. Қанаттанған "Челси", үшінші голды да салды. Торрестың оңтайлы, жолына шығарып берген пасынан кейін Шюррле хет-трик еншіледі. Қалған уақытта "Фулхэмның" қолынан келгені бір ғана гол. Екі ұжым тура қарама-қарсы бағытта. "Фулхэм" соңғы орында, "Челси" бірінші орында.

 

1 наурыз. Лондон. Стадион "Крэвен Коттэдж". 24577 көрермен. Төреші - Марк Клаттенбург (Ньюкасл-апон-Тайн).

ФУЛХЭМ - ЧЕЛСИ - 1:3 (0:0)
 Шюррле, 52 (0:1). Шюррле, 65 (0:2). Шюррле, 68 (0:3). Хейтинга, 74 (1:3).
Фулхэм Челси
 Мартен Стекеленбург  Петр Чех
 Саша Ритер  Бранислав Иванович
 Джон Хейтинга  Джон Терри
 Бреде Хангеланд, 16  Гари Кэхилл
 Киран Ричардсон  Сесар Аспиликуэта
 Стив Сидуэлл  Неманья Матич
 Скотт Паркер, 79  Рамирес
 Ашкан Дежага  Оскар, 78
 Пайтим Касами, 62  Андре Шюррле, 87
 Клинт Дэмпси  Эден Азар
 Даррен Бент  Фернандо Торрес, 82
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Дэн Берн, 16  Джон Оби Микел, 78
 Льюис Холтби, 62  Демба Ба, 82
 Гиоргос Карагунис, 79  Давид Луис, 87

Ескертулер:

 Ашкан Дежага, 35  Рамирес, 50
 Пайтим Касами, 48  

 

Әй осы "Ливерпуль" чемпион болса ешкім таңғалмайды-ау. Қарқыны өте мықты "қызылдардың". Брендан Роджерс екі жылдай уақыт ішінде осында тамаша ұжым құра білді. Стерлинг, Старридж, Суарес триосы әлемдегі шабуылшылардың ешбірінен кем емес. Бұларды "ливерпульдық банда" деп атау керек. 28-ші турда қонаққа "Саутгемптонға" барды. Бірінші айналымда осы ұжымға өз алаңында жеңілген болатын. Кеткен есені қайтару керек. Онымен қоса сүрінген "Арсеналды" да қуып жету мүмкіндігі туып тұр. Көздегеніне қол жеткізді, "Ливерпуль". Матч қаһарманы-соңғы кездесулерде жанкүйерлерді голдарымен қуанта алмай жүрген Суарес. Бірінші таймда өзі есеп ашса, екінші таймда Стерлинг, Суарес пасынан кейін есепті еншіледі. Ойынның соңында, төреші қосқан уақытта уругвайлық пенальти еншілеп, Джеррардтың он бір метрліктен гол салуына мүмкіндік жасап берді. Капитан білгенінен жаңылмады. Кезекті 3 ұпайын еншілеген қызылдар, енді кестенің екінші орнында.

1 наурыз. Саутгемптон. Стадион "Сент-Мэрис". 31659 көрермен. Төреші - Ли Проберт (Уилтшир).

САУТГЕМПТОН - ЛИВЕРПУЛЬ - 0:3 (0:1)
 Суарес, 16 (0:1). Стерлинг, 58 (0:2). Джеррард, 90+5 - пенальтиден(0:3).
Саутгемптон Ливерпуль
 Артур Боруц  Симон Миньоле
 Калум Чамберс  Глен Джонсон
 Жозе Фонте  Мартин Шкртел
 Деян Ловрен  Даниэль Аггер
 Люк Шоу  Джон Флэнэган
 Джек Корк, 77  Джо Аллен
 Морган Шнайдерлен  Стивен Джеррард
 Стивен Дэвис, 46  Джордан Хендерсон
 Адам Лаллана  Филиппе Коутиньо, 57
 Джей Родригес  Луис Суарес
 Рикки Ламберт, 76  Даниэль Старридж, 85
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Гастон Рамирес, 46  Рахим Стерлинг, 57
 Сэм Галлахер, 76  Яго Аспас, 85
 Виктор Ваньяма, 77  

Ескертулер:

 Виктор Ваньяма, 84  Джордан Хендерсон, 70
   Стивен Джеррард, 86

 

Ағылшын Примьер-Лигасының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Эвертон-Вест Хэм-1:0 Гол: Лукаку, 81(1:0) Тоттенхэм-Кардифф Сити-1:0 Гол: Сольдадо, 28(1:0) Халл Сити-Ньюкасл-1:4 Голдар: Сиссоко, 10(0:1). Реми, 42(0:2). Дэйвис, 46(1:2). Сиссоко, 55(1:3). Анита, 90+3(1:4). Астон Вилла-Норвич-4:1 Голдар: Хулэхэн, 3(0:1). Бентеке, 25(1:1). Бентеке, 27(2:1). Бакуна, 37(3:1). Бассонг, 41(4:1, өз қақпасына) Суонси-Кристал Пэлас-1:1 Голдар: Де Гузман, 25(1:0). Мюррей, 83(1:1, пенальтиден)

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  ЧЕЛСИ 28 19 6 3 52-22 63
2  ЛИВЕРПУЛЬ 28 18 5 5 73-35 59
3  АРСЕНАЛ 28 18 5 5 52-28 59
4  МАНЧЕСТЕР СИТИ 26 18 3 5 69-27 57
5  ТОТТЕНХЭМ 28 16 5 7 37-33 53
6  ЭВЕРТОН 27 13 9 5 38-27 48
7  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 27 13 6 8 43-31 45
8  НЬЮКАСЛ 28 13 4 11 37-39 43
9  САУТГЕМПТОН 28 10 9 9 38-35 39
10  ВЕСТ ХЭМ 28 8 7 13 31-35 31
11  АСТОН ВИЛЛА 28 8 7 13 31-38 31
12  ХАЛЛ СИТИ 28 8 6 14 30-35 30
13  СТОК СИТИ 28 7 9 12 28-42 30
14  СУОНСИ 28 7 8 13 37-41 29
15  НОРВИЧ 28 7 7 14 21-43 28
16  КРИСТАЛ ПЭЛАС 27 8 3 16 19-37 27
17  ВЕСТ БРОМВИЧ 27 4 13 10 31-39 25
18  САНДЕРЛЕНД 26 6 6 14 26-42 24
19  КАРДИФФ СИТИ 28 5 7 16 19-49 22
20  ФУЛХЭМ 28 6 3 19 28-62 21

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×